Қазақша күрестiң халықаралық одағы шаңырақ көтердi

Қазақша күрестiң халықаралық одағы шаңырақ көтердi

Қазақша күрестiң халықаралық одағы шаңырақ көтердi
ашық дереккөзі
360

Иә, мешiн жылы елiмiзге бейбiтшiлiк пен береке, әр ша­ңыраққа, әрбiр адамға ырыс пен шапағат әкелсiн деп бәрiмiз iштей тiлегенiмiз рас.Оның жарқын айғағы — қазақ спортының желi биыл оңынан тұрып тұрғаны. Әлемдiк азиялық деңгейдегi әртүрлi жарыстарда қазақстандық спортшылар ел намысын абыроймен қорғап, жеңiс тұғырларынан көрiнiп, бүкiл дү­ниежүзiнiң назарын өзiне ау­даруда.

Қазақстан спортына бас ию құрметпен қарау қалыптасты. Өткен жылдың күзiнде грек-рим күресiнен Алматыда әлем кубогы өткенi белгiлi. Мiне, содан кейiн Алматыдағы Балуан Шолақ бабамыздың атындағы спорт және мәдениет сарайында еркiн және грек-рим күресiнен, ауыр атле­тикадан және дзю-до күресiнен Азия чемпионаттары өтiп, үлкен абыройға ие болдық. Бұл жерде осындай жауапты жарыстарды өте жоғары деңгейде өткiзе бiлумен қатар, спортшыларымыз жоғары спорттық жетiстiктерiмен де қу­ант­пады ма бәрiмiздi.Әрине, мұның бәрi айтуға оңай, ал сол табыс биiгiнен көрiну жолында Қазақстан спортының тiзгiнiн ұстаған, елiмiздiң Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы Дәулет Болатұлы Тұр­лы­ханов бастаған Қазақстан спор­тының жанашырлары, оның тұт­қасын ұстаған зиялы азаматтар­дың жемiстi iстерiнiң нәтижесi екенi даусыз.

Солардың бiрi, бiрегейi — Серiк Адамұлы Төкиев мырза.

Серiк Адамұлы көптен берi ҚР-ның штаттағы ұлттық коман­далар және спорт резервi дирек­циясының басшысы болып, Қа­зақ­стан спортының көсегесiн кө­герту жолында өлшеусiз қызмет атқаруда. Бұл дирекцияның ат­қарар мiндетi сан-салалы, әрi жауапты. Спорттың барлық түрi бойынша ел құрамасының халық­аралық жарыстарға қатысып, республика намысын абыроймен қорғап, тәжiрибе жинақтап ше­берлiктерiн шыңдауға қамқорлық жасау, сондай-ақ командаларды, жекелеген спортшыларды қаржы­ландыру, атақты спортшылардың орнын басатын резервтер дайын­дау сияқты қыруар жұмыстарды жүзеге асырады.

Серiк Төкиев — спорт әле­мiнде кездейсоқ тұлға емес, үлкен спорттың қазанында қайнап, ыстығы мен суығының өтiнде өсiп, ел ағасы дәрежесiне дейiн көте­рiлген азамат. Мұндайда халқы­мызда «Болар iстiң басына, жақсы келер қасына» — деп жатпай ма?

Серiк Адамұлының шарапаты ерекше тиген спорт түрi, ол — қазақша күрес спорты. Мiне, осы күрестiң даңқын асырып, беделiн көтеру жолында осынау абзал азаматтың, белгiлi маманның жаңа iзденiстерге қарымды құлаш ұруы, iзденiстерi өзiнiң оң нәти­желерiн беруде.

Сәкеңнiң бар арманы қазақша күрестi халықаралық аренаға шығару болатын. Ол арманы орын­далды. Биылғы жылдың мамыр айының аяғында Гер­манияда Еуропа қазақтарының құрылтайы өттi. Оған Қазақ­станнан әртүрлi өнер мен мәде­ниет саласының өкiлдерi қатысып, шетте жүрген қандас бауыр­лары­мызбен сағына қауышты.Берлин қаласында өткен осы­нау ұмытылмас бас қосуда құлақ құрышын қандырған әсем ән шырқалып, құдiреттi күй төгiлдi. Қазақстан өнер-шеберлерi қандас­тарымызды өз шеберлiктерiмен тамсандырса, спортшылар футбол ойынынан, қазақша күрестен жарыс көркiн қыздыра түскен.Ең қуаныштысы, Еуропа қа­зақтарының барлық өкiлдерi бас қосып, әлемдiк Қазақ күресiнiң одағын құрып, шаңырағын кө­тердi.

— Олай болса, Сәке, сiздi бар­лық халқымызды әлемдiк Қазақ күресi одағының құрылуымен құттықтаймыз.

— Рахмет, бұл бәрiмiздiң ортақ қуанышымыз ғой.

— Бұл көптен берi көкейде жүрген арман емес пе едi. Сол әлемдiк Қазақ күресi одағының iргетасы берiк, мықты болып қалануы қашан, қалай басталып едi?

— Өткенге көз жiберiп, ше­жiре жолдарына тереңiрек үңiлер болсақ, қазақша күрестiң өсiп-өркендеу, даму жолдарының өзiн­дiк сыр-сипаттары бар.

Ең бастысы қазақша күрес — барлық күрестiң атасы деп текке айтылып жүрген жоқ. Күрес май­данындағы атақтылардың, спорт­шылардың барлығы үлкен спортқа араласпай тұрғандағы алғашқы қадамдары қазақша күреспен тығыз байланысты екенi даусыз.

Қазақша күрестiң ауқымы, көкжиегi кең. Оны жетiк мең­герген адам өзге халықтардың күресiне еркiн түсе алады. Осын­дай ғажап күресi бар қазақ елiнде бүкiл әлем мойындаған даңқты балуандардың Ә.Айхановтың, Ж.Үшкемпiровтiң, Д.Тұрлы­хановтардың шығуы әбден заңды құбылыс.

Қазақша күрес спорттық жекпе-жек түрi ретiнде толық танылып, елiмiзде ұлттық күрес федерациясының аясында өсiп-өркендеп келе жатқанына көп жылдың жүзi болды. Бiрақ әлем­дiк деңгейге көтерудiң көптен берi сәтi түспей қойғаны өтiрiк емес. Өзiңiз айтып отырған қазақша күрестiң дүниежүзiлiк iргетасы өткен жылдың қараша айында Қазақстан Республи­ка­сының Президентi атындағы тұң­ғыш халықаралық турнирде қа­лан­ған десем қателесе қоймайтын шығармын.Сол жарысқа қатысқан Азия елдерiнен келген қандастарымыз қазақша күрестiң әлемдiк феде­ра­циясын құру жөнiндегi бiздiң ұсынысымызды қуана қолдаған болатын.

— Әрине, Германиядағы бас қосу үстiнде сан түрлi ой-пiкiрлер ортаға түскенi белгiлi. Дегенмен де ең басты мәселелер қандай тақырыптарды қамтыды.

— Ұлттық спорт түрлерi, оның iшiнде қазақ күресiне хал­қы­мыздың мәдениетiн қалыптас­тырушы құрал ретiнде көп көңiл бөлу шетелдiк қандастарымыз ғана емес, бiздiң өз арамызда да жетiспей жатқаны рас.

Басты мәселе, шетелдердегi қазақтар арасында көп жылдардан берi қазақша күрестен жарыс өткiзудегi басты қол байлау бол­ған нәрсе, оның бiр жүйеге түс­пегендiгi. Шынын айтсақ, қазақ күресiнiң ережесi соңғы бес жыл көлемiнде бiрнеше рет өзгердi. Яғни, ереже жиi-жиi өзгерсе, ең алдымен балуандар мен олардың бапкерлерiне қолайсыз , сонымен қатар көрермен жұртшылықтың түсiнбеушiлiгiне әкелiп соғады. Күреске деген қызығушылықты төмендетедi.

Ұлттық қазақ күресiнiң да­му­ына, жандануына оның ереже­лерiн бар халыққа түсiндiруде, қа­лыптастырып тұрақты бiр жүйеге түсiрген Қазақстан Республи­ка­сына еңбегi сiңген жаттықтырушы Бауыр Жаналин мен Кеңестер Одағының және Қазақстан Респу­бликасына еңбегi сiңген жат­тықты­рушы, қазақша күрестен мемлекеттiк жаттықтырушы Ма­рат Жақыптар аталған мәселелер төңiрегiнде құрылтайда өз ойла­рын ортаға салды.

Осы отырысқа қатысқан әр елдiң өкiлдерiне (қандастары­мыз­ға) Қазақстан қазақша күрес федерациясынан арнайы ереже кiтапшалар, спорттық арнайы сыйлықтар табыс етiлдi.— Сонымен әлемдiк Қазақ күресi одағының iргетасы қала­нып, тұсаукесер тарихи сәтiнiң өту салтанатының барысын өзiңiз­ден естiсек.— Бұл одақтың iргетасы Қазақстан Республикасының қазақша күрес федерациясының ұсынысы бойынша 2004 жылы Берлинде құрылды. Құрылтай жиыны 2004 жылдың 30 мамыры күнi өттi. Оған 12 елдiң өкiлдерi қатысты. Бұл ұйым әлемдiк Қазақ күресiнiң одағы (қазақша күрес) деп аталды. Қазiргi күндерi Еуропа, Азия құрлықтарындағы қазақтар қазақша күрес одағы арқылы басын бiрiктiредi.

— ресми тiлi: қазақша, ағыл­шынша- одақтың басқару орталығы, Алматы қаласы, Қазақстан- Бiрiншi жарғы 2004 жылдың мамыр айында Берлинде құрылтай қорының жиынында қабылданды.

Ал келесi құрылтайға Америка Құрама Штаттары мен Австра­лиядағы қандас қазақ бауырла­ры­мызды одаққа мүшелiкке тарту жоспарланған. Сонда одақтың төрт құбыласы түгелденедi.

— Сәке, олай болса, сiздiң әлемдiк Қазақ күрес одағының Президентi болып сайлануыңызбен қуана құттықтаймыз.

— Рахмет, бұл маған ғана көр­сетiлген құрмет емес, бұл қазақ күресiне, Қазақ халқына көрсе­тiл­ген құрмет деп бiлемiн.

Одақтың құрметтi Пре­зидентi болып Қалдарбек Найманбаев, ал бас хатшы болып Бауыржан Жаналин бекiтiлдi.

Мiне, мұндай құрмет бәрi­мiзге үлкен сенiм, әрi жауап­кершiлiк жүктейдi. Шынын айт­сақ, спорттық қозғалыс әлемдегi әлеу­мет­тiк iрi қозғалыс әрi адамдардың бiр-бiрiмен жақын­дасып, өзара түсi­нiс­тiк жағ­дайда қатынас­тарын дамыту құралы.Бұл орайда әлемдiк Қазақ күресiнiң одағы — ресми үкi­меттiк емес қоғамдық ұйымдар қа­тарына жатады. Мерзiм­дiк жұмыс iстеу әдiсте­месi (тұрақты) жағыра­фия­лық белгiсi (дүние­жүзiлiк), мүшелiк ерек­шелiгi (ұжымдық, әрi жекелей) кәсiби түрi (қазақша күрес), ұлт­тық санаты (әлемнiң барлық қазақтары).

Сонымен халықаралық спорт­тық бiрлестiк әртүрлi елдер мен құрылықтарда тұратын қазақ диас­поралары өкiлдерiнiң өзара келiсiмдерi негiзiнде құрылып, өз қатарына жаңа мүшелердi, олар­дың ұлтына, нәсiлiне бөлмей, көп­теп тарта бермек одақтың өзiне ғана тән мiндеттерi бар. Олар, жарыс өткiзу ережесiн ойластыру, оның орындалуын бақылау, ха­лық­аралық жарыстарды ұйым­дас­тыру мен жоспарлау, бiлiктi тө­ре­шiлер дайындау, олардың бiлiмiн көтеру, техникалық талаптарды жетiлдiру сияқты жұмыстар.

Бұны айтып отырған себебiмiз көпшiлiкке түсiнiктiрек болсын деген ой едi.— Қазақша күрес түрi бойынша әртүрлi деңгейдегi халықаралық жарыстарды өткiзу кестесi қалай ойластырылған.

— Ең бастысы жыл сайын Қа­зақстан Республикасының Прези­дентiнiң жүлдесi үшiн қазақша кү­рестен дәстүрлi халықаралық жа­рысқа қатысу.

Бұл жарыс биыл да Алматыда өтетiн болады. Одақтың ең басшы органы Конгресс болып саналады. Конгрестiң сессиясы әр екi жыл сайын екенi белгiлi, олай болса сол сессия өтетiн жылы әлемдiк бi­рiншiлiк ұйымдастырылады, яғ­ни ең алғашқы әлемдiк дода 2006 жылы өтедi деген сөз. Оған дейiнгi аралықта Еуропа бiрiншiлiгi, Азия­лық бәсекелер өз ретiмен өт­кiзiлiп отыруы толық жоспар­лан­ған. Одақ ресми жарыстарды дайын­дау барысында ұлттық феде­рациялармен тiкелей байланыста болып, оның жоғары дәрежеде өтуiн қамтамасыз ететiн болады.

— Шынын айтсақ, әлемдiк Қазақ күресiнiң одағын құру тарихи маңызды оқиға екенi даусыз. Бер­лин қаласында қандас бауырла­рымызбен кездесулер қалай өттi, сiздердi қалай қабылдады.Бәрiмiздi қызық­тыратыны Еуропаның қандай елде­рiнен қазақ диаспораларының өкiлдерiнiң қатысқандығы.

— Берлинде болған қауышу бiз­дер үшiн де, шетелдiк қан­дас­тарымыз үшiн де өте қуанышты, жы­лы лебiзде өттi. Ел ағалары, сая­саткерлер және өнер өкiлде­рi­мен бiрге Германияда жауырыны жерге тимеген атақты балуан­да­рымыз өз шеберлiктерiн көрсеттi. Қазақша күрестен жекпе-жектер үш салмақ дәрежесiнде өттi. Қа­зақстандық балуандар қарсылас­тарына дес бермедi. Әсiресе, ерек­ше бөле айта кететiн жәйт, 60 келi салмақта кiлемге шыққан 46 жастағы Алмас Мұсабековтiң бойындағы от-жалыны лапылдап тұрған, жастармен белдесулерiнде барлық қарсыластарын тiзе бүк­тiрiп, жеңiске жетуi ғажап көрiнiс болды. Спорт әуесқойлары КСРО-ның кезiнде сонау 80-жылдардың белесiнде самбодан Еуропаның чем­пионы, әлем кубогының иегерi атанған Алмас Мұсабековтi ұмыта қоймаған болар деймiн. Ол қазiр Тараз қаласындағы олимпиа­далық даярлау орталығының директоры.

Қалған екi салмақта Жандос Да­дабаев пен Шығыс Қазақ­стандық Руслан Қайролданов же­ңiмпаз атанды.Еуропа елдерiнен келген өкiлеттiлер, қандастары­мызды жақынырақ таныстыра кет­сек артық болмас деп ойлаймын.Сонымен әлемдiк одақтың Меморандумы қабылданып, оған бар­лық өкiлеттiлер қол қой­ды.Меморандум:

Бiз Еуропа қауымдас­тығының қазақ азамат­тары Қазақстан Республи­касының қазақша күрес федерациясының өтiнiшiн қабылдай отырып, әлем қазақтарының ассоциация­сының қазақ күресiнiң ода­ғына мүше болуға келiсiм бе­рiп, сол одақты құптай­мыз.

Тiзiмi, қол қойғандары бар. — Кеңес Одағының кезiнде «түрi ұлттық, мазмұны социа­листiк» деген айғай-сүреңмен жүрiп, халықтық ұлттық қа­сиет­тердiң бiразынан қол үзiп қала жаздадық. Солардың бiрi — қазақша күрес. Сол сұрқия заманның теперiшiн көрiп, ая­нышты күй кешкен бекзат өнерi­мiз «қазақша күрес» үшiн тәуел­сiз­дiк арқасында арайлы таң атты.

Ендi, мiне қазақ күресi әлем­дiк одақ құрып, дүниежүзiне та­мыр жайды. Олай болса, одақтың дiңгегi мықты болып, шаңырағы аспандай берсiн деймiз, Сәке.

— Айтқаныңыз келсiн, әрбiр уы­ғын әлем қазақтары қадаған әлемдiк Қазақ күресi одағы марқайып, әр күн сайын қадамы нығайып, қанаты қатая бермек.

Таңсұлу Алдабергенқызы

Серіктес жаңалықтары