Бас қолбасшы — «Оңтүстiкте»

Бас қолбасшы — «Оңтүстiкте»

Бас қолбасшы — «Оңтүстiкте»
ашық дереккөзі
446

Елбасы Қазақстан Армиясы алдына 9 басым мiндеттердi қойды. Атап айтар болсақ, Қарулы Күштердiң соғысуға қабiлетi және мемлекеттi толығымен қорғауға қабiлетiн қажеттi деңгейге сай қамтамасыз ету, сапалы қарулануды және соғыс техникасын қолдау; өзара тиiмдi қарым-қатынас және аймақтық күштердiң күш бiрiктiруi, жауынгерлердi шартты негiзге кезең-кезеңмен көшiру, терроризм мен экстремизм iстерiмен күресетiн министрлiктер мен ведомстволардың өзара қарым-қатынасын нығайту, әскери iлiмi мен жаңа технологияларды шебер пайдалана бiлу, әскери бiлiм берудi дамыту, жауынгерлердi табиғи апат кезiнде, төтенше жағдайларда пайдалану, жауынгерлердiң өмiрiн жақсарту.

— Талантты жастарды тәрбиелеу және әскери қызметтiң беделiн көтеру керек. Бұл Отанды қорғау мамандығы, — деп атап өттi Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Шымкенттегi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердiң Әуе қорғаныс авиациялық базасында болды.

Әуе қорғанысы авиациялық базасында Президент бүгiнгi заман талабына сай әскери қару-жарақтардың жағдайымен, күш-қуатымен танысты.

Мұндағы дүние жүзiнде ең таңдаулы, үздiк «Су-25» тiкұшағының кабинасына отырып, тiкұшақ маманымен әңгiме жасады. Елбасы Қазақстанда үздiк саналатын оқу-жаттығу тренажер базасында болды. Бүгiнгi заман талабына сай база ұшқыштардың кәсiби шеберлiгiн шыңдауға, мамандарды даярлауда уақыт үнемдеуге септiгiн тигiзедi екен. Елбасы Оңтүстiктiң басқа да маңызды обьектiлерiн аралады. Көзбен көргендерi мен ойға түйгендерiн меншiктi тiлшiмiз Б.Түйетай алдағы нөмiрде әңгiмелемек.

Балтабек ТYЙЕТАЕВ

Серіктес жаңалықтары