ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА...

ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА...

ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА...
ашық дереккөзі
302

Дмитриев Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауынан кейін «ресейлік бизнес пен ресейлік капиталдың Қазақстандағы энергетика, көлік инфрақұрылымы және тұрғын үй құрылысы секілді салаларға атсалысу мүмкіндігі мол» деп мәлімдеді. Кездесу барысында сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен шетелдік қорларды тарту мүмкіндіктері жайында сөз болған.

Ең басты жаңалық – алдағы уақытта Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Банктер одағы құрылуы мүмкін. Қазақстанның даму банкі Ресейдің Сыртқыэкономбанкі мен Қытайдың мемлекеттік банкілерімен әріптестік қарым-қатынас орнатты, бұл әріптестік Банктер одағын құрудың негізі бола алады.

CNPC Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы ірі инвесторлардың бірі екендігі белгілі. Бұл корпорация жақында ғана «ПетроҚазақстан» компаниясы акцияларының бақылау пакетін сатып алған болатын. Осы орайда Чэнь Гэн мырза бұл оқиға туралы «ПетроҚазақстанның» акцияларын сатып алу туралы шарт жасасу CNPC пен «ҚазМұнайГаз» ынтымақтастығының көкжиегін кеңейтті» деп мәлімдеме жасады. 12 желтоқсанда Атасу – Алашонькоу мұнай құбырының құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілмек. Бұдан басқа қытайлық корпорация Маңғыстау облысында кен орындарын игеруге, Кеңқияқ – Атырау, Атасу – Алашонькоу мұнай құбырларының, «Қазақстан – Қытай» газ құбырының салынуына атсалысты.

Осы күні Президенттің қабылдауында америкалық «Мерил Линч Еуропа» инвестициялық компаниясының бас басқарушы директоры Эндрю Серджио Газитуа да болды. Қабылдаудан кейін ол өз компаниясының Қазақстандағы капитал нарығын дамытуға атсалысу мақсатында Қазақстан үкіметімен де, кәсіпкерлермен де қоян-қолтық жұмыс істеуге ынталы екендігін хабарлады.

Қарашаның 12 күні Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында Украинаның Жоғарғы Радасының төрағасы Владимир Литвин, Азия даму банкінің президенті Харухико Курода, «Газпром» ААҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер болды.

Бір сағатқа созылған қабылдау үстінде Елбасының осы аптада Украинаға жасайтын іссапарының барысы талқыланған. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынас аясын кеңейте түсеріне дау жоқ. Журналистерге брифинг өткізген Литвин мырза «алдағы жоспарымыз өте көп» деп мәлімдеді.

Қазақстан 1994 жылдан бері Азия даму банкінің мүшесі. Осы тоғыз жыл ішінде АДБ Қазақстанға 500 миллион доллардан астам қаржылық несие берген. Кездесу барысында Қазақстандағы кәсіпкерлік саласы мен инфрақұрылымды дамыту бағдарламалары жөнінде сөз болған. Өз сөзінде Харухико Курода мырза Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылған Орталық Азиялық мемлекеттерінің одағын құру идеясын қолдайтындығын білдірді.

«Газпром» ААҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер Нұрсұлтан Назарбаевпен арада болған әңгіме барысында екіжақты энергетикалық ықтымақтастық, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері айтылған. Сондай-ақ осы күні «Газпром» ААҚ мен «Қазмұнагаз» ұлттық компаниясы арасында ортаазиялық және ресейлік газдың Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзитін арттыру жөнінде келісімге қол қойылды.

Осы күні түстен кейін Елбасы премьер-министрдің орынбасары Ахметжан Есімовты қабылдады. Ахметжан Есімов Нұрсұлтан Назарбаевқа 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік агроөнеркәсіп бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелері туралы есеп берді. Ахметжан Есімовтің айтуынша, осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында 270-тен астам заңдар мен заңға қарасты актілер және басқа да нормативті құжаттар қабылданып, үш жылдың ішінде ауылшарушылық саласына 600 миллиард теңге инвестиция жұмсалған.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға ресми сапары басталды

Киев сапары кезіндегі ең маңызды кездесу – Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина ел басшысы Виктор Ющенкомен кездесуі болмақ. Қарашаның 11 күні Елбасы әріптесі Виктор Ющенкомен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынастың бірқатар мәселелерін талқылаған болатын. Үш күндік сапар кезінде Украина Үкіметі мен Жоғарғы Радасында да жоғарғы деңгейдегі кездесулер өтеді.

Гүлбиғаш Омарова

Серіктес жаңалықтары