АСТАНАДА МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛДЕ БIЛIМ БЕРЕТIН БАЛАБАҚША ЖОҚ

АСТАНАДА МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛДЕ БIЛIМ БЕРЕТIН БАЛАБАҚША ЖОҚ

АСТАНАДА МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛДЕ БIЛIМ БЕРЕТIН БАЛАБАҚША ЖОҚ
ашық дереккөзі
414

— Ел тәуелсіздігінің 15-ші жылында мемлекеттік тілдің өз деңгейінде қолданысқа ене алмауына, мемлекеттік тілде білім беретін білім ошақтарының аздығына кінәлі кім? Әрине, жайбасарлыққа салынған билік. Сондай-ақ, бұған белгілі деңгейде Паламент Мәжілісінің де қатысы бар. Өйткені, мемлекеттік қызметкерлерден, депутаттардан мемлекеттік тілді білу талап етілсін, мектеп және жоғары оқу орындарының түлектерінен мемлекеттік тілден мемлекеттік емтихан қабылдансын деген бастамаларды осы мәжілісмендердің 70-80% қолдамады. Қолдамағаны былай тұрсын, жан-тәнімен қарсы болды. Сөйтіп, қазақ тілінің болашағына балта шабуды көздеді. Сөйте тұра, мемлекеттік тілде білім алу әлі де мүмкін болмай отыр деп дабыл қағамыз. Мемлекеттік тіл мемлекеттік қамқорлыққа зәру. Қажеттілік тумай, мәжбүрлік болмай ол тілді өз бетімен үйренуге ешкім құлықтылық танытпайды. Демек, билік органдары мемлекеттік тілге қажетті деңгейде назар аудармай, осы қалпымызбен 2030 жылға да жетеміз. Оған дейін ұлттық рухымыз өшпесе болғаны.

Бір айта кетерлігі ресейлік бейтарап саяси зерттеуші А. Мигранян Ресейдегі саяси көзқарасты қазақстандық саясатшыға жайып салып, депутатты өзінің алдында есеп беруге мәжбүр етуге қандай құқы бар. Жалпы Глеб Павловский, А. Мигранян сияқты шовинистік пиғылдағы саяси технологтарға неге зәруміз? Дариға Нұрсұлтанқызының ресейлік саясаттанушы алдында ақталуы, тәуелсіз елдің мемлекеттік қайраткеріне лайық па?

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары