«Еуразия-ОРТ» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫН МОЙЫНДАМАЙТЫНДЫҒЫН ТАНЫТТЫ

«Еуразия-ОРТ» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫН МОЙЫНДАМАЙТЫНДЫҒЫН ТАНЫТТЫ

«Еуразия-ОРТ» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫН МОЙЫНДАМАЙТЫНДЫҒЫН ТАНЫТТЫ
ашық дереккөзі
378

«Халық дабылы» қозғалысы төрағасының орынбасары Кенесары Қаптағаев «Еуразия-ОРТ» телеарнасымен соттасқанына біраз уақыт өтті. Талапкердің айтары біреу. Аталған телеарнаның Қазақстан заңдарын белден басып, оған мойынсұнбай отыруы.

Қазақстандағы «БАҚ туралы» және «Тіл туралы» заңдар бойынша, Қазақстандағы электронды бұқаралық ақпарат құралдарының меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік тілдегі хабарларының жиынтығы 50%-дан кем болмауы керек. 2005 жылдың 8-шілдесіндегі ең соңғы қабылданған №67 Қаулысы бойынша елдегі электронды ақпарат құралдары өзінің өнімдерін 80%-ға дейін жеткізуге тиісті. Ал, телеарналардың апталық хабарларының жиынтығы мемлекеттік тілде 50%-дан кем болмауы қажет. «Еуразия-ОРТ» ЖАҚ болса, басқа арналар сияқты түнгі уақытта да қазақ тілінде хабарлар таратпайды. Әрі өз өнімдерін көрсетпейді.

Алайда, Кенесары Қаптағаевтың талап арызы бойынша, шақырған сотқа келмей, сот процесін біраз кешіктірген еуразиялықтар, бұл жолы оның талаптарын мойындамайтындықтарын айтып отыр. Желтоқсанның 6-сында Бостандық аудандық сотында өткен мәжілісте «Еуразия-ОРТ»-ының өкілдері Кенесары Қаптағаевтың талап арызын мойындамайтындықтарын, сондай-ақ, оны еш негізсіз деп танитындықтарын айтты. Демек, олар Қазақстанның заңдарын мойындамай отырғандықтарын көрсетті. Кенесары Қаптағаевқа жауап ретінде берген құжатында Ресей Федерациясы мен Қазақстан аумағында екі елдің хабарларын тарату жөніндегі келісім шарттарды көлденең тартты. Ал, премьер-министр «Еуразия ОРТ» ЖАҚ қазақстандыкі» деген анықтама беріпті. Демек, «Еуразия-ОРТ» басқа телеарналар сияқты мемлекеттік тілде 50%-дан астам хабар таратып, өз өнімдерін 80%-ға жеткізуі тиіс. Олар бұл талапты орындамақ түгілі, өздерінің өнімдерін де жасап отырған жоқ. Тек ресейлік I арна «ОРТ-ының» хабарларын ретрансляциялаумен шектелуде. Сөйте тұра, Кенесары Қаптағаевтың тағып отырған кінәсін мойындар емес. Біздіңше, бұл телеарнамен Кенесары Қаптағаев сияқты қарапайым адам емес, билік орындары, Үкімет, соның ішінде Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі соттасуы қажет еді. Амал не, мемлекеттік тілдің жоғын қарапайым қазақ жоқтайтын заман бұл.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары