ҚАЗАҚ СПОРТЫНЫҢ БIР ЖАНАШЫРЫ

ҚАЗАҚ СПОРТЫНЫҢ БIР ЖАНАШЫРЫ

ҚАЗАҚ СПОРТЫНЫҢ БIР ЖАНАШЫРЫ
ашық дереккөзі
326

Қазақ әдебиетiнде спорт тақырыбын көркем шығармашылыққа әкеп кiрiстiрген жазушылар туралы айтсақ, бiр-екi жазушымен ғана шектелiп қаламыз. Сейдахмет Бердiқұлов, Несiп Жүнiсбайұлы…

Жазушылар Одағында кеш өттi. Кештiң ерекшелiгi сол, мерейтой әдеттегiдей жазушының жасына емес, оның тудырған әдеби дүниелерiнiң жасына арналыпты. Несiп Жүнiсбайұлы шығармашылығының отыз жылдығына арналған кеш барасында сонымен қатар автордың жақында ғана жарық көрген «Ережесiз белдесу» атты кiтабының тұсаукесерi де бiрге болды. Көзi қарақты оқырманға таныс болған «Ауылдан шыққан алыптар», «Әкемнiң қамшысы», «Мексикадағы фудбол тойы», «Үшiншi раунд», «Олимпиада маршруттары» секiлдi көптеген кiтаптардың авторы саналатын Несiп Жүнiсбайұлының соңғы кiтабы «Ережесiз белдесу» деп аталады. Бұл өмiрбаяндық хикаят «Өзiм жайлы», «Өзiм жайлы және ерлерiм жайлы» деген екi тараудан тұрады. Кiтап мазмұнына қарап, жүрегiнде ары мен қолында қаламы ғана бар қарапайым журналист пен көп нәрсеге қолын бiр сiлтеп қарайтын шенеунiктiң арасындағы тартысқа құралған десек қателеспеймiз. Әдебиет пен публицистика қазанында қатар қайнап, «Лениншiл жас» газетiнiң спорт бөлiмiнде меңгерушi, «Спорт» газетiнiң редакторы болған Н. Жүнiсбайұлының қазақ журналистикасында өзi баулып қанатын қақтырған журналистерi де бiртөбе. Кеш барысында Аманжол Әлтаев, Қайрат Байбосынов, Шәмiл Әбiлтаев секiлдi мәдениет қайраткерлерi өнер көрсетiп, Асанәлi Әшiмов, Мұхтар Мағауин, Адам Мекебаевтар Н. Жүнiсбайұлының шығармашылығы жайлы сөз қозғады.

Л.Қоныс

Серіктес жаңалықтары