1200 АДАМ ҚАЖЫЛЫҚҚА АТТАНДЫ

1200 АДАМ ҚАЖЫЛЫҚҚА АТТАНДЫ

1200 АДАМ ҚАЖЫЛЫҚҚА АТТАНДЫ
ашық дереккөзі
370

Жыл сайын Қазақстанда тұратын жүздеген мұсылмандар Меккеге ат басын тіреп, қажылық парызын өтеп келеді. Биыл елімізден Сауд Арабиясына 1200 діндар жол тартты.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2005 жылы 1 мың 100 қазақстандық қажылыққа барып қайтқан. Дәстүр бойынша биыл да Сауд Арабиясы қазақстандық мұсылмандар үшін 11 мың квота бөлген. Бұл да тектен-тек емес. Бүгінгі таңда елімізде 11 миллионнан астам мұсылман тұрады. Ел азаматтарының көбі қажылық парызды өтеуге ынталы. Сауд Арабия үкіметі бекіткен «әр мың діндардың атынан – 1 адамды жіберу» жөніндегі шешімге қарамастан, әлемде қажылыққа барғысы келетін мұсылман саны жыл санап артып барады. Жалпы, жыл сайын Меккеге қажылық парызын өтеуге әлемнің көптеген елінен 2,5 миллион мұсылман келеді екен.

Биылдан бастап Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып жарияланған соң, ел мұсылмандары биылғы қажылықтың ерекше боларына сенімді. Себебі өзге де мұсылман елдеріндей Қазақстан да діни мерекелерін түгендеп, оған ерекше мән беріп жатыр.

Кәмшат ТАСБОЛАТОВА

Серіктес жаңалықтары