Пластикалық жол билеті шығарылады

Пластикалық жол билеті шығарылады

Пластикалық жол билеті шығарылады
ашық дереккөзі
393

Жол билеттерінің жойылуы Шымкентте жаңа жылдағы жаңалықтардың бірі болды. Жаңалықтың жалпы жұртқа қуаныш әкелмегені аян. Дегенмен бұл қадамға барған жолаушылар тасымалдайтын кәсіпорындар белшеден батып байып та қалмады, қазір де сол баяғыша өгізаяң тіршілік кешіп жатқаны белгілі болды.

Автобустар салонында жолаушылар қарасы азайып, осы бірыңғай жол билеттеріне мұқтаж студенттер қара жаяу қалада шапқылап жүр деп естиміз. «Үш күннен кейін адам көрге де үйренеді» дегендей көпшілік бірыңғай жол билеттерінің жойылғанына еттері үйрене бастап еді.

Бірыңғай жол билеттері бір жола жойылды деп бөркімізді аспанға атып жүрген кезде «Шымкентте пластикалық жол билеттері пайда болады екен» деген сыбыс шықты. «Транстехнология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 300 мың доллардай қаржы тапса бұл жол билеттерді шығаруға белді бекем буып отыр. ТМД елдерінде жоқ жаңалық осылай Шымкентке келмек. Пластикалық жол билеті мамандардың айтуынша, ұялы телефондардың активіне ұқсас болатын көрінеді. Автобустарға арнайы аппараттар орнатылып, жолаушылар әлгі активтермен есеп айырылысатын болады. Бұл жаңалық жолаушыларға қуаныш сыйласа игі еді, ал қарапайым халықтың қалтасын қағу үшін баз біреулердің ойлап тапқан бизнес жоспары болып жүрмесін.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Балтабек ТYЙЕТАЕВ

Серіктес жаңалықтары