«ЕУРО», «АКЮ», «ЕУРАЗ» КYШ БIРIКТIРГЕНДЕ

«ЕУРО», «АКЮ», «ЕУРАЗ» КYШ БIРIКТIРГЕНДЕ

«ЕУРО», «АКЮ», «ЕУРАЗ» КYШ БIРIКТIРГЕНДЕ
ашық дереккөзі
425

Доллардың күні не болмақ?

Кешегі аптада өткен ЕврАзЭҚ басқосуы «бестік» ұйымды «алтылыққа» айналдырып, өз қатарына Өзбекстанды қабылдады. Петербор жиналысының ең үлкен жаңалығы осы болса да, ұйымның өмір сүруі үшін атқарар шаруалар әлі де жеткілікті. Олардың бірі – еуразиялық интеграцияны дамыту болса, интеграцияны тезірек жүзеге асырудың жолы – ортақ валюта қабылдау.

ЕурАзЭҚ аясында 260 млн. адамнан тұратын рынок бар. Нұрсұлтан Назарбаев оны әлемдегі ең ірі интеграциялық бірігу деп атады.

Алдағы уақытта ұйым мүшелері Кеден одағын құ¬ру, ортақ кеден тарифтерін қабылдау мәселелері бойынша шешім қабылдады.

Осы мәселелердің ішінде ортақ валюта енгізу идеясының айтылғанына бірталай жыл болса да, оны қолданысқа енгізу ісі ақсап келеді. Бұл валютаның қалай аталатыны да шартты түрде белгілі болып қалған: «еураз». Ал оның қолданысқа енетін уақыты бұған дейін 2003 жыл делініп, кейін 2004 жылға ысырылған болатын. Бірақ уақыт өткен сайын бұл идеяның әзір жүзеге аспайтындығы белгілі болып қалды. Сондықтан болуы керек, Нұрсұлтан Назарбаев «еуразды» енгізуді 2011 жылға белгілеуді ұсынды.

Бұл валюта теңгеге де, рубльге де, долларға да тәуелді болмайды.

ЕврАзЭҚ аясында жаңа валюта енгізу мәселесі енді аз уақыттан соң бұдан да өзекті болуы мүмкін. Себебі қазірдің өзінде доллардың біртіндеп құнын жоғалта бастағаны жасырын емес. Экономист сарапшылар 2006 жылы доллардың басынан бағы таяды деп болжам айтуда. Доллардың тұғырынан тая бастауына еуроның аз ықпал етпегені бұған дейін де жазылып жүр. Еуроның доллардан үлкен артықшылығы – ол Еуропа елдерінің алтын валюта қорымен нақтыланады. Оның үстіне, тарихтан белгілі, доллардың әлемдік валютаға айналуына Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономикасы күйреген Еуропа елдерінің қарқынды дамып келе жатқан Америка үстемдігін мойындауға мәжбүр болғандығы ықпал етті. Ал қазір АҚШ әлемдегі өндірістің тек 20 пайызын ғана беріп отыр, соңғы жылдары оның экспортынан импорт көлемі әлдеқайда асып кетті. Америка экономикасы осы тығырықтан шығар жол таппаса, еуро біртіндеп доллардың орнын басуы әбден мүмкін.

2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда аймақтық қаржы орталығы құрылатындығын бұған дейін де жазғанбыз. Бұл мәселе Алматыда желтоқсан айында өткен Кәсіпкерлер конгресінде талқыланғанда оны құру жоспарының біраз кемшіліктері мен олқылықтары айтылған болатын. Десе де, бұл айтылған кемшіліктерге қарамастан, Үкімет аймақтық қаржы орталығын биыл құру ниетінен бас тартатын емес. Ендеше, Еуразия аймағында жаңа валютаның қолданысқа енуі – қаржы орталығының жұмысын алға жылжытар тетік болары сөзсіз. Оның үстіне, мамандардың айтуынша, «еураз» қолданысқа сәтті енгізілген күнде, ол тек осы ұйым аумағында емес, одан да сырт елдерде айналымға кіруі мүмкін. Себебі қаржы орталығы жұмысының жүруі көрші мемлекеттермен интеграцияның қандай қарқында дамуына тікелей байланысты.

Ал Азия елдері ортақ валюта мәселесін әлдеқашан шешіп қойған. Наурыз айында жаңа азиялық ортақ валюта – «АКЮ» қолданысқа енгізілмек. «АКЮ» Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының мемлекеттері валюталарының ортақ бағамын білдіретін болады. Қазірдің өзінде мамандар «АКЮ-ді» «Азия елдерінің Еуропа интеграциясына берген жауабы» деп атап жүр.

Қазақстанның қаржы саласының тұрақты дамуын әр түрлі деңгейдегі жиындарда мақтап жүрмыз. Егер экономистердің болжамдары расқа шықса, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы шын мәнінде сынға түспек. Сондықтан Қазақстан Үкіметі ең әуелі ортақ валюта мәселесіндегі өз ұстанымын нақтылап алуы керек.

Гүлбиғаш Омарова

Серіктес жаңалықтары