НОРВЕГ МАМАНЫ БҮГІН РЕНЖІДІ. ЕРТЕҢ БАСҚАСЫ ӨКПЕЛЕУІ МҮМКІН

НОРВЕГ МАМАНЫ БҮГІН РЕНЖІДІ. ЕРТЕҢ БАСҚАСЫ ӨКПЕЛЕУІ МҮМКІН

НОРВЕГ МАМАНЫ БҮГІН РЕНЖІДІ. ЕРТЕҢ БАСҚАСЫ ӨКПЕЛЕУІ МҮМКІН
ашық дереккөзі
361

Допты хоккейден Швецияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Норвегия құрамасын ірі есеппен –10:4 есебімен күйрете жеңген Қазақстан құрамасы плей-офф ойындарына шығуға толық мүмкіндігі бар. Осыған дейін Еуропа чемпиондары мен күміс жүлдегерлері – Швеция мен Ресей құрамаларынан ірі есеппен жеңілген Қазақстан құрамасы осы ойынға барын салғаны шындық. Еуропаның қола жүлдегерлері – қазақ жігіттерінің намысын Норвегияның мамандары айтқан күтпеген сын қатты ашындырған сияқты. Норвегия тарапы: “Қазақстан қулыққа салып, Ресей ұлттық құрамасының сапына ілікпей қалған орыс хоккейшілерін жинап алып жүр. 1999 жылға дейін өз хоккейшілерімен ойнады да, одан бері құрамаларын Ресей жігітерімен жасақтап келеді. Олармен кездескен сайын ылғи 30-дың ішіндегі жаңа хоккейшілерді кездестіреміз”,–деп ренішін білдірді. Алайда, Халықаралық хоккей қауымдастығы әзірше қазақ жігіттеріне ара түсті. Дегенмен, Қазақстанның спорт әлемінде соңғы кездері жүргізіп келе жатқан шетін саясаты елімізге мұндай сынның әлі талай айтылатынын білдіріп отыр. Әсіресе, бұл сыннан Қазақстан футбол одағы да тыс қала алмайды. Қазір футзалдан Португалияда өтіп жатқан УЕФА кубогы үшін жарыста өнер көрсетіп жатқан “Қайрат” командасының ойыншыларының басым бөлігі шет елдік ойыншылар екені мәлім. Тіпті, футболдан Ұлттық құрамамыздың бірқатар ойыншылары алыс шет елдегі бұрынғы отандастарымыз екені де ащы шындық. 2006 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу ойындарында Қазақстан құрамасы мүмкіндігінен төмен өнер көрсетті. Бұған шеттен келген футболшыларға оп-оңай азаматтық бере салатынымыз үлкен кесірін тигізгені де аян. Алда футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары күтіп тұр. Түскен тобымыз өте күрделі. Мамандар үздік көрсеткіштерге жетуге Қазақстан құрамасының мүмкіндігі мол деседі. Сондықтан Қазақстан футбол одағы (ФСК) футбол саясатындағы кейбір қателіктерді жөндеп, ұлттық құрамамыздың жеңістерге жетуіне мұрындық бола білетініне сенім мол.

Ж. БАҚҚОНДЫҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары