Редакцияның хатқоржынынан АНА ҰЛЫНА ЖӘРДЕМ СҰРАЙДЫ

Редакцияның хатқоржынынан АНА ҰЛЫНА ЖӘРДЕМ СҰРАЙДЫ

Редакцияның хатқоржынынан АНА ҰЛЫНА  ЖӘРДЕМ СҰРАЙДЫ
ашық дереккөзі
502

Редакцияға еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі хат келеді. Әр хат әртүрлі сыр шертеді, әртүрлі мұң қозғайды. Қолымыздан келгенінше, әр хатқа жауап беруге тырысамыз. Бірін газетіміздің бетінде жарияласақ, енді біріне хат арқылы жауап қайтаруға тырысамыз. Осындай редакциямызға келген мына бір хаттың жөні бір бөлек. Хатты қаз-қалпында жариялауды жөн көріп отырмыз.

— Құрметті редакция! –деп бастапты аталмыш хат иесі. –Мен 4-баланың анасымын. Жасым 42-де. Шымкент қаласында тұрамыз. Төртінші балам Бақдәулет туылғаннан ДЦП-ның ауыр түрімен ауырады. Осы 5-март күні төрт жасқа толады. Әзірге жүре алмайды, отыра алмайды, өздігінен сөйлемейді. Осының бәрі басының ішінде бір клеткалардың өлі болуынан дейді врачтар. Былтыр қараша айында Алматыдағы «Балбұлақ» санаториінде болдық. Сол жерде энцофалограмма жасап айтқан, содан бұның да емі бар деді. Новосибирск қаласында осындай диагнозбен ауырған балаларға «столбовая клетка» құяды екен, результат 80% дейді. «Үмітсіз шайтан» дегендей, соны балама құйдырсам, адам танып сөйлеп кетсе, отырса, жүрсе, балаша ойнаса деген арманым көкейімнен кетпей жүр. Оған баруға қолым қысқа, неге десеңіз, пәтер жолдап тұрамын, жеке баспанамыз жоқ, жолдасым II-топтағы мүгедек, екі үлкен қызым да былтыр осы жағдайдың нашарлығынан туберкулез болып ауырып шықты. Мен балама қарап үйде жұмыссызбын. Осындай балама көмек сұрап талай жерге бардым, ешқандай демеуші таба алмадым. Мүмкін болса, қолыңыздан келгенше көмек беріңізші, сіздер журналистер қайырымдылық қорларын білесіздер, меценаттар да көп, бірақ ешқайсының адресін білмеген соң хат жазып хабарласа алмаймын. Балама көмектесе алатын адам табылса, қажетті құжаттардың бәрі дайын, салып жіберемін.

Бақдәулеттің анасы Ақжарқын

10.02.2006 ж.

P.S. Ақжарқын ананың ұлына жәрдемдесіп, қолұшын береміз дейтін жомарт жандар болса, редакциямызға хабарласуларын өтінеміз!

Серіктес жаңалықтары