М.Шахановтың «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы» туралы ғылыми дәйектеме

М.Шахановтың «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы» туралы ғылыми дәйектеме

М.Шахановтың «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы» туралы ғылыми дәйектеме
ашық дереккөзі
941

Қазақстанның Халық жазушысы, әлемдік деңгейдегі белгілі ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың «Тілсіздендіру анатомиясы» атты поэмасының «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы» бөлімі осызамандық өркениеттің тіл мен рух төңірегіндегі аса нәзік әрі күрделі проблемасын көтеруімен ерекшеленеді. Өз табиғатында адам баласының жалқыдан жалпыға қарай жол алатыны, жеке бір адамды сүю арқылы ғана бүкіл әлемді сүюге болатыны, тек өз анасын терең түйсіну арқылы әлемдегі басқа аналардың туған перзентіне деген сатылмайтын сенімі мен махаббатын бағалауға мүмкіндік табатынын ғаламдық өркениет рухани кеңістікте де, ғылыми тұрғыдан да сан рет дәлелдеген.

Қазіргі таңда жаһандану процесі бірыңғай материалдық игіліктерге бет бұрғандықтан көптеген елдерде жастар қауымының едәуір бөлігі өз ұлтының тіліне, ғасырлар бойына жинақталған төл мәдениетіне терең тамыр жіберуі былай тұрсын оған ашықтан-ашық мұрын шүйіре қарай бастады. Бірақ әр ұлттың ең басты анасы – туған тілі екенін ескерсек, өз анасының тілін, рухани мәдениетін менсінбеу мен мойындамаудың, әрі оны қазіргі ғасыр талабына сай әлемдік руханиятпен ұштастыра қарай алмаудың үлкен қасіреті болатынын және бұл процестің адамаралық бірлік пен татулыққа көлеңкесі түспей тұрмайтынын М.Шахановтың поэзиялық тұжырымы айқын аңғартады. Сондықтан да біз, бір топ Қазақстан ғалымдары ұсынылып отырған тұжырымдаманы адамның өсу, даму эволюциялық, философиялық, педагогикалық, ұлтаралық және саяси әлеуметтік талаптар тұрғысынан жан-жақты сараптап, қарап шықтық. Біз бұл тұжырымдаманың әлемдік деңгейде қолдау табатынына сенеміз. Егер ЮНЕСКО осы игілікті іске мұрындық болса соңғы жылдары мемлекеттер, ұлттар арасында бой көрсете бастаған кейбір рухани проблемалардың жүйелі шешім табары хақ.

М.Жұрынов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, химия ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Ә.Нысанбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігі Философия және саясаттану институтының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

А.Құсайынов, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

М.Қойгелді, ҚР Білім және ғылым министрлігі Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик.

М.Әбусейітова, ҚР Білім және ғылым министрлігі Шығыстану институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

С.Қасқабасов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик.

К.Хұсайын, ҚР Білім және ғылым министрлігі Тілтану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Серіктес жаңалықтары