“ЖАС ҚАНАТТЫҢ” ОН БЕСIНШI КӨКТЕМI

“ЖАС ҚАНАТТЫҢ” ОН БЕСIНШI КӨКТЕМI

“ЖАС ҚАНАТТЫҢ” ОН БЕСIНШI КӨКТЕМI
ашық дереккөзі
363

Жыл сайын көктеммен бірге «Жас қанат» байқауының да қанат қағатынынан көзіқарақты оқырман хабардар болғаны қашан. Қашан дейтініміз, «Жас қанат» байқауының дүниеге келгеніне де он бес жылға тақапты. Аз да емес, көп те емес. Осы он бес жылда дәстүрлі байқау қазақ эстрадасының көгіне көптеген әншілерімізді, композиторларымызды, аранжировщиктерімізді танытты. Олардың арасында Ерлан Көкеев, Бақыт Шадаева, Құрмаш, Майра Дәулетбақова, Бақытжан Қажымұқанов, Бауыржан Исаев, Гаухар Қаспақова, Жолбарыс Сейфуллин, Нұрлан Абдуллин, Гүлнұр Оразымбетова, Мәдина Садуақасова, Бейбіт Қорған, Маржан Арапбаева және «Үркер» мен «Дервиши» тобы да бар.

Жыл өткен сайын байқауға қатысуға ниет білдірушілердің қатары кәсіби дайындықтан өткен әншілермен толыға түскенін ерекше атап өткен жөн. Демек, бұл дегенің келешекте байқауға қатысуға тілек білдірушілерге қойылатын талап та күрделене түсетіні, сондай-ақ «іріктеу» деңгейі де бірте-бірте жоғарылап келеді. Биылғы жылы байқауға қатысу үшін елуге таяу үміткерлер бақ сынаған екен.

Қаңтар айының ішінде осы елудің ішінен іріктеу комиссиясы жиырмасын ғана таңдап алыпты. Оның себебі, көбінің репертуарлары байқау талабына сай келмепті. Енді бірінің аранжировкасы көңілден шықпаған.

Сонымен әзірге, сол жиырманың он екісі ғана үміткер атанып отыр. Оның өзі өзгеруі мүмкін дегенді алға тартады ұйымдастырушылар. Олар:

Айгүл Әдіханова (Шымкент), Милатбек Ақанбаев (ШҚО, Үржар), Думан Баймағамбетов (Қарағанды), Елдана Габерман (Павлодар), Мінаш Жанболатова (БҚО,Ақсай), Дәурен Есбергенов (Атырау), Мәрзия Нұрлан (Қызылорда), Мөлдір Оңдасынова (ОҚО, Түркістан), Қайыржан Оспанов (Қызылорда), Лилия Сайдилова (Астана), Нұрсаят Серікбаев (Қарағанды облысы, Балқаш), Жаңылсын Хасанова (Орал).

Серіктес жаңалықтары