ЕУРОПАДА ШОҚАЙ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТYСІРІЛМЕК

ЕУРОПАДА ШОҚАЙ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТYСІРІЛМЕК

ЕУРОПАДА ШОҚАЙ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТYСІРІЛМЕК
ашық дереккөзі
323

«Мұстафа Шоқай» атты көркем фильм осыдан 5 ай бұрын түсіріле бастаған еді. Таяуда фильмнің бірінші бөлімінің аяқталуға жақын қалғандығы белгілі болды. Ал, фильмнің келесі бөлімі, яғни Мұстафа Шоқай өмірінің соңғы жылдарын баяндайтын бөлім Еуропада түсірілмек.

Жақында Мәдениет, ақпарат және спорт министрі Ермұхамет Ертісбаев түсіру алаңында болып қайтты. Бүгін Құрманғазы атындағы оркестр ғимаратында қарбалас сәт. Кино түсіру машиналары, жарық түсіру құралдары, тағысын тағылары… Бұл жерде Кеңес Одағы тұсында есімін ауызға алуға тыйым салынған алаштың ардақтысы, қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай туралы көркем фильмнің бір эпизоды түсірілу үстінде. Сценарий авторлары Әкім Тарази, Ермек Тұрсынов және ресейлік режиссер Сергей Бодров. Ал, бас кеңесші Стамбұлда тұратын Әбдулахап Қара. Ол Мұстафа Шоқайдың өмірін зерттеуге 15 жыл өмірін сарп етіп, авторларға өте құнды мәліметтер берген.

Режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың айтуынша, оқиға желісі 1918 жылы Тәшкенде өтеді. Шоқан әйелі Мариямен сол жерде танысады екен.

Мәдениет, ақпарат және спорт министрі Ермұхамет Ертісбаев: «Қазір елімізде киноға жақсы көңіл бөлінуде. Мемлекет 15 фильмді қаржыландырып отыр. Тарихи тақырыптар да түсірілуі тиіс. Сонымен қатар, Қазақстанның қазіргі бет-бейнесі де экраннан көрініс табуы керек» – дейді.

Фильмнің бірінші бөлімін аяқтаған соң, кино түсіру тобы Еуропаға аттанады. Көрермендер де «Мұстафа Шоқай» фильмін асыға күтуде.

Серіктес жаңалықтары