ҚАРАҒАНДЫ ЕҢ ТАЗА ҚАЛАҒА АЙНАЛАДЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЕҢ ТАЗА ҚАЛАҒА АЙНАЛАДЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЕҢ ТАЗА ҚАЛАҒА АЙНАЛАДЫ
ашық дереккөзі
610

Қарағанды облысына әкiмдiкке келгелi берi Нұрлан Нығматуллин мырза тазалықпен күрестi мықтап қолға алғанға ұқсайды. Әкiмнiң тiкелей тапсырысымен, Қарағандыда қазiр «Менiң аулам» бағдарламасы жүзеге асырыла бастапты. Үш жылға негiзделiп жасалған бағдарламаның басты мақсаты – қала тазалығын арттыру. Қаланың тазалығы – жаныңның тазалығы деген сөз. Сондықтан, бұл iске қарағандылықтар да жұмыла кiрiскен сыңайлы.

2006-2008 жылдарға арналып жасалған бағдарламаның негiзiнде 724-ке жуық тұрғын үйлердiң аулалары тазартылып, өңдеу жұмыстарынан өткiзiлмек. Оның 384-i Қазыбек би ауданына тиесiлi болса, қалған 340-ы Октябрь ауданында қоныстанған. Бүгiнде игiлiктi iске қала әкiмшiлiгi де тiкелей мұрындық болуда. Қаладағы әрбiр ауланы бiрдей тазарту мүмкiн болмағанмен, бiртiндеп болса да, бұл iстiң жүзеге асатынына қала жұртшылығы сенiмдi. Өз ауласының таза, әрi ұқыпты болғандығын кiм қаламасын?!

Аталмыш бағдарлама бойынша арнайы бюджеттен қаржы бөлiп, әрбiр ауланы тазалау үшiн қажеттi құрал-саймандар да бөлiнiптi. Сондай-ақ, қаладағы екi жүзге жуық аулалардың құрылысы үшiн арнайы ұйымдармен қатар, кәсiподақ ұйымдары, қала тұрғындары да бел шешiп кiрiсiптi.

Қарағандылықтар әрбiр аулаларда балаларға арнап спорттық алаңқайларды жасауды да қолға алыпты. Тұрғын үйлердiң алдындағы алаңқайларда балалардың шат-күлкiсi естiлiп жатса, кәнеки. Көптеген қалаларда балаларымыз аулаға шығып ойнаудан қалғаны қашан?! Тоз-тозы шыққан аулалардың сыйқын көргенде, қарнымыз ашып, көңiлiмiз жабырқап қалатындығын да жасырмаймыз. Осы тұрғыдан келгенде, облыс әкiмi Нұрлан Нығметуллиннiң бұл игiлiктi iсi көпке өнеге болары сөзсiз.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары