БАТЫСҚА ҚОСЫМША ПОЙЫЗ СҰРАДЫ

БАТЫСҚА ҚОСЫМША ПОЙЫЗ СҰРАДЫ

БАТЫСҚА ҚОСЫМША ПОЙЫЗ СҰРАДЫ
ашық дереккөзі
314

Палатаның кезектi жалпы отырысында депутат Равиль Шырдабаев Үкiмет басшысына жолдаған сауалында батыс бағытқа жүретiн қосымша пойыз сұрады.

Халық қалаулысы биылғы жылдың 9 наурызында Республика Көлiк және коммуникация министрлiгiне темiр жол көлiгiн пайдалануға қатысты сауал жолдаған болатын. Әлi күнге дейiн шешiмiн таппай отырған осы мәселенi ендi Үкiметтiң есiне қайта түсiрдi.

Елiмiздiң батыс аймағындағы Теңiз және Қарашығанақты игеруге, Каспий шельфiндегi жаңа ашылған мұнай кен орындарына, қарқынды дамып жатқан құрылыстарға республиканың түпкiр-түпкiрiнен жұмысшылар ағылуда. Соған байланысты қосымша маршруттар мен жолаушы вагондары ауадай қажет болып жатыр. Әсiресе, Теңiз кешенiнiң құрылысына ондаған мың мамандар тартып отырған Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Құлсары бекетiнде жағдай ширығып тұр. Алматыдан шыққан Атырау, Құлсары, Маңғышлақ бағытына шыққан пойызда ине шаншар орын болмайды, бар болғаны 3-ақ вагон, оның өзi күнара жүредi. Бөлiнген вагондар он жылдан бергi тасымалдан әбден тозығы жеткен, қыста суық, жазда қапырық, санитарлық нормаға де кереғар. Сондықтан жергiлiктi тұрғындар мен вахтовиктердiң наразылығы өте орынды.

Осы жағдайларды ескерiп, заң аумағында тиiстi шара қолдануды сұраған әрiптестерiнiң хатының соңына елiмiздiң батыс аймағынан сайланған депутаттар түгелдей қолдап қолдарын қойды.

Сондай-ақ, Палатаның жалпы отырысында депутаттар «Лицензиялау туралы» Заңның жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдап, «Мәдениет туралы» Заңның жобасы бойынша Мәжiлiс пен Сенат арасындағы келiспеушiлiктердi еңсеру жөнiндегi келiсiм комиссиясының ұсынысы қолдау тапты.

Сәуле Досжанова

Серіктес жаңалықтары