Ер азамат 23 жастағы жүкті келіншек пен 1 жасар бүлдіршінді атып өлтірген

Ер азамат 23 жастағы жүкті келіншек пен 1 жасар бүлдіршінді атып өлтірген

Ер азамат 23 жастағы жүкті келіншек пен 1 жасар бүлдіршінді атып өлтірген
ашық дереккөзі
491

Оқиға Қызылорда облысында болған. Бұрынғы әйелінің туысына қонаққа келген ер адам жүкті әйел мен оның бір жасар қызын атып тастаған. Бұл туралы Қызылорда облысының аға прокуроры Нұрлан Жаниевке сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Ер адам өзінің бұрынғы әйелінің туысына қонаққа келіп, кейін үй иесімен сөзге келіп  қалған. Соңынан ашуын баса алмаған қонақ, көлігінен аңшылық қаруын алып шығып, үйге оқ жаудырған. Үй иесі бораған оқтан құтылып кеткенімен, 23 жастағы жүкті келіні мен 1 жасар немере қызына оқ тиіп қайтыс болған.

Аяғы ауыр келіншек аурухананның жансақтау бөлімінде көз жұмған. 13 маусым күні болған қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиға орнынан аңшылық қарудан атылған патрон гильзалар, күдіктінің суға тастап кеткен мылтығын тапқан. Ал адам өлтіріп қашып кеткен қылмыскерді арнайы жасақ жауынгерлері құрықтаған.

Серіктес жаңалықтары