АСЫЛ ШАҢЫРАҚТЫҢ АРДАҚТЫ АНАСЫ

АСЫЛ ШАҢЫРАҚТЫҢ АРДАҚТЫ АНАСЫ

АСЫЛ ШАҢЫРАҚТЫҢ АРДАҚТЫ АНАСЫ
ашық дереккөзі
521

Қазақ қашанда аналарын, қыздарын сыйлаған. Оларды қадiрлеген. Бiз әдетте жақсы да жайсаң аналарды өткен заман еншiсiнен iздеп, олар туралы жазылған деректермен танысқанда шын риза боламыз. Ал, дәл сондай адамдар бүгiнде өз арамызда да аз емес. Сондай аяулы аналардың бiрi – Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, поэзияның дүлдүл жүйрiгi атанған Қалижан Бекхожиннiң зайыбы, мейiрiмдi ана, әже, ұстаз Зайдахан Жанайқызы.

«Табиғаттың мизамы сол әуелгi, Күн болмаса- түнек басар әлемдi. Меңiреу боп жүрмесiн деп еркектер, Шұғыладан жаратыпты әйелдi. Күн болмаса, кiм ерiтер мұздарды, Ағашы жоқ, таулар қандай ызғарлы? Жiгiттерге ыстық сая болсын деп, Мәуелерден жаратыпты қыздарды,» –деген Қалекеңнiң жыр жолдары жары – Зайдаханға арналған. Зайдахан Жанайқызының жiбектей мiнезi, сабырлылығы, қазақы мәдениетi кiмдi болса да сүйсiндiргендей. Әдеби ортаға келiн болып түскен, Сәбит Мұқановтың жұбайы Мәриям апай мен Ғали Ормановтың жары Айтбала апайлардан жазушыға лайық жар болуды үйренген Зайдахан Жанайқызы сынды қазақ әйелдерiнiң қадiр-қасиеттерiн тереңнен ұққандай боласың. Зайдахан Жанайқызы Қалекеңнiң асыл жары ретiнде Калекеңдi өмiрiнiң соңғы жылдарына дейiн күтiп, бабын тапқанын, қаламдас достарын әлi күнге дейiн қадiрлейтiнiн, сыйлай бiлетiндiгiн жұртшылық құрметпен айтады. Ол барды ұқсатып, жанұяны жарқын да жайдары мiнезiмен, жүрек жылуымен жылытып, аналық мейiрбандылығын төккен жан. Мiне осындай жаны iзгi, саналы да ұғымды, тiлалғыш әйел еркектiң ырысы емес пе? Закең бiр сөзiнде: «Қалекең жұмыстан сәл ашуланып келсе, қабағын жазуға тырысатынмын. Негiзiнде әйел заты еркектен бiр саты төмен тұрғаны абзал. Еркекпен таласу, жұлысу, оған дауыс көтеру – мұсылман әйелдерiне жат қасиет» деген едi. Мiне, осындай мейiрбан, асыл тастай таза, жүрегi адал әйелдер ерлерiн мiнезiмен тәнтi еткен. Зайдахан Қалекең екеуi де Баянауылдың қасиеттi топырағында туып өскен жандар. Баянауылда қазақтың маңдайына бiткен небiр ғалымдар мен өнер иелерiнiң кiндiк қандары тамған. Сол өлке өз өрендерiн өмiрге деген құштарлыққа және өнерге баулыды. Солардың бiрi – Мәшһүр Жүсiп Көпеев – Закеңнiң атасы. Ал Қалекеңнiң әкесi Нұрқожа – ол оқығаны мол, орақ тiлдi ақын болған адам. Закеңнiң журналистердiң атасы атанған қайынағасы Қайыржан Бекхожиндi қадiрлеп, ол кiсiнiң 90 жасқа толғанын еске алу кешiн өткiзуi, атасы Нұрғожа ақынды пiр тұтуының өзi бiр төбе. «Ауылда қартың болса, жазулы хатпен тең» деген сияқты Закеңнiң жадында хатталып жатқан мәлiметтер көп. Ол кiсi өзiнiң көптеген сұхбаттарында: «Нұрғожа атамыздың өлеңдерi жарық көрмедi. С.Сейфуллин: «Әкеңнiң өлеңдерiн басқызамыз, алып кел» дегенде, Қалекең бiр папка өлеңдерiн 1934 жылы өз қолымен әкелiп тапсырған. Бiрақ, С.Сейфулииндi халық жауы деп ұстағанда, қолжазбалардың барлығын жоқ қылып жiберген. Содан жарияланбай қалды», – дейдi. Ал, Нұрғожа атасы туралы айтары да, есте қалғандары да, ұшан-теңiз. «Нұрғожа атамыздың 18 баласы бiрiнен кейiн бiрi қайтыс болып, кейiнгi екi ұлына көз тиiп өлiп, тiрлiктiң бар қызығынан баз кешкен кезiнде түс көрiптi. Түсiнде босағасында екi жұлдыз жарқырап тұр екен. Түсiн атамыз өзi: «менiң екi ұлым болады және олардың екеуi де атақты азаматтар болады екен», -деп жорыған көрiнедi. Осыдан кейiн Қайыржан баласы дүниеге келгенде Нұрғожа атамыз: Бұл Мәшһүр бас жiгiттiң болған бiрi, Тарқаған қалам алса көңiл кiрi. Құдайға кәзiр алса ризамын, Артымда Қайыржаным қалса тiрi», –деген екен. Дүниеге Қалижан келгеннен кейiн өсiп келе жатқан екi баласына қарап отырып, Қайыржанға: «Сен ғалым жолын қуарсың , ал менiң қаламымды мына Қалижан тентегiм ұстар», дейдi екен деп Зайдекең қызықты әңгiмесiн жалғастыра бередi. Зайдахан Жанайқызының өзi де тектi атаның – Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы әулетiнiң ұрпағы. Баянауылда мектеп бiтiргеннен кейiн Қазақ мемлекеттiк университетiн бiтiрген, еңбек жолын жолдамамен Шымкент қаласындағы Сыпатаев атындағы мектепте мұғалiм болып бастаған. Қай кезде болсын Закең өз жаратылысын сақтап, асыл бейнесiнен айнымай, аталарының iзгiлiк сипаттарын, озық өнегелерiн балаларының жандарына азық етiп келедi. Ол – бiздiң қазақ деген халықтың ұлттық әдет-ғұрпының бiрден бiр ерекшелiгi, айырмашылығы. Закең ер адамның өмiрде, жанұяда алатын орнының жоғары екендiгiн, рухани биiктiгiн дұрыс ұғынған жан. Мiне, осындай тектi әулеттiң шаңырағында, ақын-жазушылардың ортасында жүрген, тәлiм-тәрбие алған Зайдахан Жанайқызының зиялы болмауы мүмкiн емес едi. Тағы да бiр айта кететiн жағдай – қашан барсаң да алдыңнан жайылған кең дастарханнан әр адамға Закеңнiң жүрек жылуы құйылып жататындығы. Осы бiр шаттығы шалқыған шаңыраққа барған сайын марқайып, жаныңа азық алып қайтасың. Мiне, осындай замандасымызды бүгiнде 70-ке келдi деп айтуға ауыз бармайды. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейдi» — дегендей – Алматының «ерке әжесi» атанған, экраннан түспейтiн Закеңдi – әлi де ажары таймаған, басына қаисет қонған, құдай сүйген адам десек артығы жоқ.
Бiр топ құрбыларының атынан Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетiнiң профессоры, техника ғылымдарының докторы Маржан НҰРПЕЙIСОВА  

Серіктес жаңалықтары