КЕРЕКУДЕ «SERPIN» АТТЫ ЖАСТАР БАСЫЛЫМЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ!

КЕРЕКУДЕ «SERPIN» АТТЫ ЖАСТАР БАСЫЛЫМЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ!

КЕРЕКУДЕ «SERPIN» АТТЫ ЖАСТАР БАСЫЛЫМЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ!
ашық дереккөзі
272

Таяуда Кереку өңiрiнен жағымды жаңалық келдi. «Ұлан» жастар қозғалысының бастамасымен «Serpin» атты тәуелсiз қоғамдық-саяси жастар газетi негiзiн қалапты. Қаңтардың басында газеттiң бiрiншi саны шықты. Басылымның бiрiншi нөмiрiнен-ақ ұландықтардың жастар газетiн шығару iсiне ерекше ынта-ықыласпен араласқанын байқауға болады.

«Serpin» – қазақша басылым. Таралымы – 2000 дана. Басылымның атауы латын әрпiнде жазылған. Бүгiннiң өзiнде студенттер мен жас мамандар арасында газеттiң тұрақты оқырмандары қалыптасып жатқандай. Басылымның редакторы да, журналистерi де – студент жастар.

Газеттiң бас редакторы Қуаныш Есқабылов: «Облысымызда ғана емес, бүкiл Қазақстан жерiнде тек жастардың ғана мәселелерiн қозғап, мүдделерiн қорғайтын, олардың жоғын жоқтайтын қазақ тiлiндегi нағыз жастар басылымы жоқтың қасы. Сол олқылықтың орнын аз да болса толтыру мақсатында «Ұлан» жастар қоғамдық бiрлестiгiнiң бастамасымен тұңғыш рет Солтүстiк өңiрiмiзде жастардың «Serpin» атты тәуелсiз газетiн жарыққа шығардық» – дейдi. Солтүстiк өңiрде жастардың бастамасымен қазақша басылымның жарыққа шығып жатқаны қуантарлық жәйт. Ұлттық мүдде – тiл мен дiн мәселесiн жастар арасында насихаттауды көздеген жас тiлшiлерге шығармашылық табыс пен тың идеялар тiлеймiз! Ақпарат айдынында асар асуларың мол болғай!

Кәмшат ТАСБОЛАТОВА

Серіктес жаңалықтары