МӘСIМОВ ҚАЗАҚ ТIЛIНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРМЕК

МӘСIМОВ ҚАЗАҚ ТIЛIНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРМЕК

МӘСIМОВ ҚАЗАҚ ТIЛIНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРМЕК
ашық дереккөзі
313

Үкiмет үйiнде министрлiк пен ведомстволар, агенттiк, мемлекеттiк компания басшылары мен облыс әкiмдерiнiң басын қосқан Кәрiм Мәсiмов Үкiмет түзiп жатқан бағдарламаның қандай болуы қажеттiгiн айтты.

Премьер кеңейтiлген жиылысқа iрi-iрi бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларын шақырыпты. БАҚ-пен тығыз жұмыс iстесе, абыройының кемiмейтiнiне Мәсiмовтың көзi жеткен болуы керек.

Премьер бiрнеше басымдықтарға көңiл бөлдi. Әкiмшiлiк реформа жасау, мемлекеттiк жоспарлау, әлеуметтiк- кәсiпкерлiк корпорациялар құру секiлдi 7-8 бағытты айқындап берген ол қазақ тiлiнiң дамуын да сол бағыттардың құрамына қосыпты. Бiр тәуiрi тiл мәселесiн айтқанда тiлiн қазақшаға бұра қойды. Әдетте, шенеунiктер өз баяндамаларының алғашқы екi сөйлемi мен соңғы екi сөйлемiн қазақша айтады да, ортасындағы негiзгi бөлiмiн ресми тiлде жалғастырады. Мәсiмов те сөйткен. Алайда, тiл жөнiнде айтқаны аз да болса көңiлiмiзге қонды. «Мен Қазақстанның мемлекеттiк тiлiн нығайтуды басты фактор ретiнде қарастырып, мемлекеттiк тiлдiң дамуына басты назар аударамын. Бiзге мына мәселелердi шешу керек: оқу-методикалық базаны жасау және қолдау, телевизиялық жобаларды жүзеге асыру қажет. Мұны Бiлiм және ғылым, Мәдениет және ақпарат министрлiктерiне тапсырамын. Мемлекеттiк тiлде оқытатын орталықтардың санын көбейту керек. Бұл әкiмшiлiктердiң мiндетi. Әр салада мемлекеттiк тiлдiң алға жылжуын қамтамасыз етуiмiз керек» дейдi Мәсiмов.

Гүлнәр Мұқанова

Серіктес жаңалықтары