Жанна Фриске қайтыс болды

Жанна Фриске қайтыс болды

Жанна Фриске қайтыс болды
ашық дереккөзі
424

Миллиондаған тыңдарманның сүйікті әншісіне айналған Жанна Фриске ауыр науқастан көз жұмды. Қатерлі ісікке ұшыраған әншіге тыңдармандары мен жанашыр жандары бірнеше жылдан бері қолдау көрсетіп келген болатын. 41 жасқа қараған шағында ресейлік әнші Жанна Фриске мәңгілік мекеніне қайтты. БАҚ-қа арнайы мәлімдеме жасаған Жаннаның әкесі қызының қайтыс болғанын растады: «15 маусымда сағат кешкі 10-да Жаннаның демі үзілді». 2013 жылдан бері мидағы қатерлі ісікпен күрескен әншіге көмек қолын созу үшін Жер шарының түкпір-түкпірінен жанашыр жандар табылып, арнайы қайырымдылық қоры құрылған еді. Қаражат жинауда әсіресе, Жанна Фрискенің азаматтық некедегі күйеуі Дмитрий Шепелевтің көмегі зор. Шоу-бизнестегі жұлдыз сонау 1996 жылы «Блестящие» тобының қыздарымен бірге жарқыраған Фриске 2003 жылы өзінің шоу әлеміндегі жеке мансабын бастайды. Тасы бірден өрге домалаған әнші «Ночной дозор», «Дневной дозор», «О чем говорят мужчины?» фильмдеріне түседі. Қатерлі ісікке ұшараған 2013 жылы Дмитирий Шепелев пен Жанна Фрискенің ұлдары Платон дүниеге келеді. Әншімен қоштасу қашан және қай жерде өтетіні әзірге белгісіз.

Серіктес жаңалықтары