МЕМЛЕКЕТТIК ГРАНТТЫ ТАБЫС ЕТТI

МЕМЛЕКЕТТIК ГРАНТТЫ ТАБЫС ЕТТI

МЕМЛЕКЕТТIК ГРАНТТЫ ТАБЫС ЕТТI
ашық дереккөзі
181

Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаев Алматы қаласына ат басын тiреп, бiлiм беру ошағы мен жоғары оқу орындарының бүгiнгi келбетiмен танысты. Әуелгi баста өзi бiлiм алған қасиеттi қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнде қонақта болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тiкелей қолдауымен елiмiздегi жоғары оқу орындарында қызмет етiп жүрген белдi де беделдi ғалым оқытушыларға мемлекеттiк грант беру соңғы жылдары үрдiске айналған сыңайлы. Жаңа тағайындалған министр сапарының мақсаты да осы. 2006 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласының жоғары оқу орындарының оқытушылары арасындағы бәйгеден жүзден жүйрiк шыққандарға «Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы» мемлекеттiк грант иегерлерiне куәлiк тапсырды. Қаржы және инновациялық орталық – Алматы жоғары оқу орындарының арасында мемлекеттiк гранттарды тапсыру алаңы ретiнде ҚазҰУ-дың таңдалуы тегiн емес.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi – елiмiздiң алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны, Президенттiң тұңғыш «Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн» сыйлығының лауреаты. Мәселен, 2005 жылы ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушылары 26 грантты жеңiп алса, 2006 жылғы байқауда 35-i «ЖОО үздiк оқытушысы» атанып отыр.

Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев осы 2005-2006 жылдары бiлiм көкжигенде ерекше бiлiктiлiк танытқан өзi iсiнiң майталмандарына «ЖОО үздiк оқытушысы» мемлекеттiк грантын салтанатты түрде табыс еттi. Олардың өз саласына сiңген жетiстiктерi тiлге тиек етiлiп, философия ғылымдарының докторларын дайындау бағдарламасының тұсаукесерi де өз сәтiмен өткiзiлдi. Сол сияқты Бiлiм және ғылым министрi ҚазҰУ қалашығының екеншi кезектегi құрылысының, бас-аяғы жетi, оның iшiнде ғылыми кiтапхана, оқу корпустары мен ғылыми-зерттеу институттары мен ғимараттарының салыну жоспарымен танысты.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары