ЕКIНШI ПУТИН ҚАЙДА БАР?

ЕКIНШI ПУТИН ҚАЙДА БАР?

ЕКIНШI ПУТИН ҚАЙДА БАР?
ашық дереккөзі
193

«Мен билеушi емеспiн, бұл — менiң жұмысым»

Орыстар саяси реформаны дер кезiнде бастап, сәттi аяқтады. Мұның бiр ғана мысалы — демократиялы Ресейдiң бiрiншi президентiн ың-шыңсыз отставкаға жiберiп, «түрлi-түстi төңкерiстерсiз-ақ» баламалы сайлау өткiзе алғандығы. Оның нәтижесi — В.В.Путин мырза.

Баз бiреулер үшiн саясатқа келу қиын. Ал саясаттан кету барлық адамға қиын шығар. Шын мәнiнде, Борис Ельциннiң 2000 жылғы «жаңажылдық сыйлығы» Ресей тарихында «ерлiк» деп бағалауға лайық iс. Тақты өз еркiмен босатып қана емес, өз мұрагерiнiң ел басшылығына қантөгiссiз келуiне жағдай жасау үлкен ерiк-жiгердi талап етедi.

Теледидардан «мен кеттiм» дегендi жария ету Ельциннiң қолынан келген iс болса, Путиндi таққа әкелу — нағыз «пиаршылардың» әрекетi деп жүрмiз.

Президент болуы аңызға айналған сол Путиннiң де тақта отыру мерзiмi аяқталып қалыпты.

2008 жылдың наурыз айында Ресейде кезектi президент сайлауы өтуi керек. «Путин үшiншi мәрте сайлауға түсе ме?» деген сауал — соңғы екi-үш жыл бойы талайдың көкейiн тескен сұрақ.

Путиннiң билiкке қалай келгенiне меңзеген журналистер «сiзде мұрагер бар ма?» деген сұрақты сәтi түскен сайын қойып жүр. Бұл жолы да Путин әдеттегi жауабынан жаңылмады: «Мұрагер жоқ. Баламалы президент сайлауы болады».

Путиннiң соңғы екi-үш жылда мұндай сұраққа беретiн жауабы: «Конституция бойынша президенттiкке екi мәрте ғана сайлануға болады».

Путиннiң өзiнiң билiкке қалай келгенiне меңзеген журналистер «Сiзде мұрагер бар ма?» деген сұрақты сәтi түскен сайын қойып жүр. Бұл жолы да Путин әдеттегi жауабынан жаңылмады: «Мұрагер жоқ. Баламалы президент сайлауы болады».

Сонымен, Путин үшiн сегiз жылдық тынымсыз еңбектi қорытындылайтын уақыт таяп қалды.

Жалпылама айтсақ, ол Ресей болашағы үшiн аса маңызды тарихи iстер тындырды. Биылдан бастап Ресей энергетикалық қорларын өз елiнiң пайдасына сатуға шешiм қабылдады. Бұл шешiм Мәскеу мен көршi елдердiң ара қатынасына салқындық тудырса да, Ресей мемлекеттiк мүддесi тұрғысынан өте қажет екендiгi түсiнiктi. Путин көршiлермен қырғи-қабақ болудан тайсалмай, «ең әуелi Ресей мүддесi» дегендi ашық байқатты.

Бұл — экономикасы бiр-бiрiне ыңғайланған кешегi «одақтас» елдердiң арасындағы соңғы байланыс жiбiнiң үзiлгендiгiнiң белгiсi. Орыстар айтпақшы, «дружба дружбой…».

Путин Ресей мүддесi үшiн тағы бiр үлкен iс бастады. Ол кешегi кеңестiк елдердегi «отандастарды» өз елiне қайтуға шақырды. Бiзше «оралмандарды Отанға тарту» саясаты. Бұл ретте Кремль көздеген саясат әрiде. Ресей қазiр демографиялық күйзелiстi бастан кешiруде. Посткеңестiк елдердегi орыс ұлты өкiлдерiн тарихи Отанға шақыру арқылы Ресей ұлттың демография мәселесiн де, қауiпсiздiк мәселесiн де шешуге ынталы. Яғни, көршi елдерден келген «отандастарды» Кремль Мәскеу мен Петерборға емес, халық аз қоныстанған алыс аудандарға, Сiбiрге, шекара аймақтарына орналастырмақ.

Қазақ мұндайды «бiр оқпен екi қоянды ату» дейдi.

Қазақстанға деген көзқарасын Путин «Ал Қазақстанмен тығыз қарым-қатынасымыз барлық салада сәттi дамып жатыр» деген бiр-ақ ауыз сөзбен түйiндеп өттi. Бұл ретте Қазақстан тарапынан жасалып жатқан шара жетерлiк.

Путин әдетте сөзiне берiк. Осы жолы да уәдесiнде тұрып, демократиялы баламалы сайлау өткiзуге күш салса, онда Ресейдiң саяси реформа жасауда барлық ТМД елдерiнен озғаны.

Гүлбиғаш Омарова

Серіктес жаңалықтары