ЖЕР АСТЫНАН ЖIК ШЫҚТЫ... НЕМЕСЕ ҚАЗАҚ ТIЛIНЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТЫП ЖҮРГЕН ДЕПУТАТТЫҢ КӨҢIЛI НЕЛIКТЕН НIЛДЕЙ БҰЗЫЛДЫ?
ЖЕР АСТЫНАН ЖIК ШЫҚТЫ... НЕМЕСЕ ҚАЗАҚ ТIЛIНЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТЫП ЖҮРГЕН ДЕПУТАТТЫҢ КӨҢIЛI НЕЛIКТЕН НIЛДЕЙ БҰЗЫЛДЫ?
Күнi кеше ғана премьерлiк таққа отыруға ыңғайланған Мәсiмовтiң мемлекеттiк тiлге шорқақтығын сынға алған, «қазақ тiлiн бiлмейтiн адам қазақтың мәселесiмен бас қатыра қоя ма?» деп күмән келтiрген мәжiлiсмен Әбiлқасымов «Айды аспанға бiр-ақ шығарды»…
У меня депутатский запрос в Генеральную прокуратуру, он касается биологически активных добавок к пище. Я прошу проверить и представить соответствующие материалы.
Дополнительно хотел дать депутатам небольшую информацию в отношении Коституционного Совета, на котором присутствовали кроме Шаханова я и депутат Айталы.
Я там взял под защиту русский язык и хочу обьяснить почему. Великий Абай в своем двадцать пятом слове сказал: «Нужно учиться русской правоте. Духовное богатство знания искусства и другие несметные тайны хранит в себе русский язык. Чтобы избежать пороков русских, перенять их достижения, надо изучить их язык, постичь их науку. Русская наука и культура – ключ к мировым сокровищницам. Владеющим этим ключом все другое достанется без особых усилий. Мой тебе совет, казах, можешь не женить сына, не оставлять ему богатых сокровищ, но обязательно дай ему русское образование, если даже придется расстаться тебе со всем нажитым добром. Этот путь стоит любых жертв».
Я привел слова нашего Президента Назарбаева: «Прекрасное владение русским языком – это наше богатство, которое потерять крайне неразумно. Мы говорим и ведем документацию на русском потому, что сегодня этот язык знают все казахстанцы, поэтому именно русский язык объединяет нашу нацию, всех граждан нашей страны. Так сложилось исторически, и в этом никто не виноват. Нужно время, чтобы казахский язык начал исполнять такую же объединяющую роль, но тормозить события не стоит.
Более того Конституционный Совет принял решение и подтвердил, что в стенах государственных органов каждый из нас вправе говорить или на русском, или на казахском языке, причем мы имеем на это равные права. Поэтому нам никто не давал такого права – прерывать представителей различных министерств, ведомств или депутатов, когда они говорят на русском языке.
Более того, хочу вам привести слова из выступления Президента Назарбаева в феврале 2003 года при открытии Года Казахстана в Москве. Он сказал: «Неоценим вклад русской культуры и русского языка в развитие казахской национальной культуры. Века нашего совместного проживания создали некую евразийскую общность. Мы – батья по крови, совместно пролитой крови в борьбе за свободу и независимость, за право на достойную жизнь. Мы – братья по историческому родству, общности мировоззрения и культуры. Мы – братья по жизенным целям и установкам».
Завершая свое выступление на эту тему, я хочу сказать, что не стоит қаждый раз поднимать эту проблему вновь и вновь, будоражить общественное мнение. Тем более, что окончательно поставлена точка Конституционным Советом, это опубликовано на казахском и русском языках в прессе. Читайте и все там увидите.
Аяқ астынан орыс тiлiне жанашырлық таныта қалған депутаттың тосын қылығына таңғалмағандар кем де кем. Қазақша жазылған мәтiндi ежiктеп әрең оқитын Мәсiмовке алғашқылардың бiрi болып шүйлiккен Әбiлқасымовтың қорғаушыға зәру емес орыс тiлiн қорғаштаған, Қазақстандағы диаспора өкiлдерiне Парламенттен квота арқылы орын бөлудi қолдаған мәлiмдемесi ненi көздедi? Ұлтты ұлықтаудың бiрден бiр төте жолы – тiлдiң мәртебесiн асқақтату. Өкiнiшке қарай, қазақ үшiн бұл әзiрге арман. Себебi, бiз айрандай ұйыған елдi iркiттей iрiтуге, «бүйректен сирақ шығаруға» құмар терещенколар мен бунаковтарды заң жүзiнде тезге сала алмай қор болып жүргенде аяқтан шалуға тырысатын кейбiр қандастың кесiр қылығы жиi кедергi болады. Ұлттың, дiн мен дiлдiң жанашырларының бiрi деп iштартып жүрген Ерасыл Әбiлқасымовтың қазақшаны екiншi кезекке ысырып қойып, орыс тiлiне жаны аши қалуын түсiнбедiк. Түсiнбегендiктен де, түсiндiрсе екен деген ниетпен телефон шалдық:
– Ерасыл аға, «жарылқаушылары» онсыз да көп орыс тiлiнiң «қамын күйттеудi» басқа, басқа дәл сiзден күтпеп едiк…
– Бiрiншiден, 2001 жылы «Қазақ елi» партиясын құрған төраға – Ерасыл Әбiлқасымов. Қазақ тiлiн, қазақ халқын менен жақсы бiлетiн адам сирек кездеседi. Екiншiден, партиямыздың бағдарламасында бiздiң ұлтымызға бiр-ақ мемлекеттiк тiл керек деген жоспар қойғам. Бiрақ ол жерде мынаны жазғам: «Қазiр емес, уақыт келедi, сол кезде қоямыз». «Уақыт келедi» деген сөз не? Қазақстанда кемiнде 70 процент өзiмiздiң ұлтымыз болған кезде ғана.
– Өкiнiшке қарай, сiздiң қазақ…
– Ары қарай тыңдасаңшы ендi, ары қарай!
– …
– Бүгiнгi күнде Қазақстанда қазақтың саны 59,2 процент. Әлi 60-қа жеткен жоқ. Орыстың саны 25 проценттен кiшкене асып отыр. Барлығын қосқанда, орыстар, украин, беларусь, немiстi қосқанда бұлар болады 30 процент кемiнде. Соны бiз есептеуiмiз керек. Жаңағы Мұхтар Шаханов саясаттан хабары жұрдай, не болмаса түсiнгiсi келмейдi. Бұл мәселе өзiнен өзi болатын жағдай. Өзiнен өзi. Жаңа тәуелсiз алар кезде бiздiң Қазақстанда қазақтың саны 42 процентке жетпейтiн. 15 жылда қандай өзгерiстер болып отыр? Значить, тағы бiзге кемiнде бiр он шақты жыл керек. Бұл мәселенi жақсылап тұрып көтеру үшiн.
– Ерасыл аға…
– Жо! Ары қарай жазсаңшы, содан кейiн айтарсың. Екiншi мәселе, бұл саяси мәселеден басқа мынандай жағдайды Шаханов, содан кейiн бiздiң ұлтшыл адамдар терең түсiнбейдi. Қазақстан – дүние жүзiнiң көлемiнде түкке тұрмайтын кiшкентай мемлекет. Бiзде 15-ақ миллион 400-ақ мың халқы бар. Оның iшiнде 9 миллион 100-ақ мың қазағы бар. Оның өзiнде, 9 миллион 100-ақ мың қазақтың жартысының көбiсi – шалақазақ. Сонда қазақ тiлiнде айқайлап, қазақ тiлiнде сөйлейтiн адам көп болса, 4-4 жарым миллион. Көп болса! Соны есептей отырып, бiз ұмытпауымыз керек, бiздiң бiр жағымызда Ресей бар, екiншi жағымызда Қытай бар, үшiншi жағымызда исламистер бар, төртiншi жағымызда Евроодақ бар, бесiншi жағында Америка бар. Америка мен Евроодақ бiздi жұтуға дайын. Оларға бiздiң жерiмiз керек. Бiрiншi, байлығымыз керек. Екiншi, бiздiң жерiмiздi басып алып, сол арқылы Ресей мен Қытайды быт-шытын шығарып, соларды басып алу үшiн керек. Исламистер, дiншiлдер, олар бiздiң мемлекет далада қалса, сол дiннiң i-i-i… жаңағы несiнде, бөктерiнде жүрсе, одан артық ешнәрсе көрiп тұрғам жоқ. Дiншiл мемлекет болсын деп. Ол деген өткен заман. Содан кейiн мына жақ – Қытай. Қытай деген сөз – айдаһар деген сөз. Қытайдың саны жылына 15-16 миллион өседi. Оның iшiнде 150 миллионнан астам адам жұмыссыз жүр. Соған байланысты олар ұмтылып, қазiр Уримчи, Синцзянь, сол жаққа 100 миллион қытай деген ауып келдi. Ауып келiп жатыр. Бастады. Сонда қауiп деген мына Қытайда тұр. Ал ендi өзiңiз ойлаңыз. Кiм сонда қазақты қорғайды? Бiздi басып алуға, жұтып алуға Америка да дайын тұр, Европа тұр…
– Сонда сiздiң қаупiңiз не, аға? Қазақ тiлiнiң қандай қатысы бар?
– Ой, саясатты… Ары қарай тыңдасаңшы ендi! Сен де түгiн түсiнбейтiн адам екенсiң! Саясаттан жұрдайсыңдар ғой!
– …
– Сонан кейiн, ары қарай… Бiздi қорғайтын жалғыз ғана – орыс. Орыс емес, орыстың қару-жарағы. Атом-ядролық қару-жарағы, әскерi. Солармен бiз жаңағы Совет коллективной безопасности деген бар. Ұйым бар. Сонан кейiн бiз әдейi ұйымға кiрiп отырмыз, ШОС-қа кiрiп отырмыз. Шанхайская организация сотрудничества. Кiмнен? Америкадан, Европадан сақтану үшiн. Екiншi жағынан мына Қытайдың өзi сақтану үшiн орыспен дос болып отыр. Ал ендi қазақ тiлi мынадай да бар. Сiз жаңа байқасаңыз, соңғы кездiң өзiнде, 15 тәуелсiздiк жылдың iшiнде Қазақстаннан 4 миллионға жуық халық кеттi. 4 миллионға жуық. Соның iшiнде 3 жарым миллионы — орыс, немiс, беларусь, украин.
– Олар ендi Атажұртына кеткен жоқ па?
– Тоқтасаңшы ендi, о-о-ой! Атажұрты құрып кетсiн! Жаңағы… қайдағы бiр сұрақты қоясың. Ендi алдымен тыңдасаңшы ендi. Ендi тыңласаң, тыңла, тыңламасаң… Что это такое?!
– Дұрыс, айтыңыз, аға.
– Ал ендi мәселе, олар кеттi. Егер де бiздiң… екiншi қарқыны келе жатыр. Ненiң арқасында кеттi? Ерунда Атажұрты! Орыста Атажұрт деген жоқ, сiз түсiнбесеңiз. Орысқа бұрын Совет өкiметi қай жер болды, сол – Атажұрты. Елде экономикалық дағдарыс болмаса, басында әлгi тәуелсiз кезде «Бiз қазақ, ондай, мұндай, тәуелсiз, егемен мемлекет» деп айқайламасақ, оның талайы кетпейтiн едi. Қазiр соңғы кезде байқасаңыз… Сiз орыс газеттердi оқымайды екенсiз. Сiз орыс газеттердiң айтқан сөзiн тыңламайды екенсiз.
– Кешiрiңiз, аға! Журналистер бүкiл болып жатқан жайттардан хабардар болып отырады. Тек депутаттар ғана емес! Сiздiң мынауыңыз тұтас бiр баяндама болды, аға! Менiң сұрақтарым бар. Соларға қоса жауап берсеңiз. Әрине, айтқандарыңыз орынды болар. Бiрақ тәуелсiздiк алып тұрып, тәуелсiздiк туралы айтпасақ…
«Саясаттан жұрдай» менiң сөздерiм құлағына түрпiдей тидi ме, әлде жүйкесi сыр бердi ме, депутат ағам телефон тұтқасын қоя салды. «Бас кеспек болса да, тiл кеспек жоқ» деген қағидаға бас ұрып қалған бiз Әбiлқасымовқа тиесiлi ұялы телефонның нөмiрiн қайта тердiк.
– Әлеу!
– Ерасыл аға, Президент Назарбаев…
– Әлеу, үзiлiп кеттi ғой.
– Иә, үзiлiп кеттi. Президент Назарбаевтың сөзi бар, он бес жылда аюға да қазақ тiлiн үйретуге болады деген. Үрiм-бұтағы осы Қазақстанда туғандар 15 жылдан берi қазақ тiлiн нелiктен менсiнбей отыр? Сiз ұлы Абайдың сөзiн мысалға келтiрдiңiз… Ерасыл аға, сiздi 15 минут тыңдадым, ендi менi 15 секунд тыңдап көрiңiзшi! Сiз ұлы Абайдың сөзiн мысалға келтiрдiңiз «балаңды үйлендiрмесең, үйлендiрме, бiрақ орыс тiлiн үйрет» деген. Бiрақ ұлы Абай сол кездегi…
– Сөзiмдi сөйлеткiзбесең, онда басымды қатырма! Давай! Сөйлеткiзбейсiң.
– Сiз сөйлеңiз, әрине. Бiрақ менiң де сөзiңiзге қарама-қарсы сұрақтарым бар…
Телефон желiсi тағы да «үзiлiп кеттi». «Жазған құлда шаршау жоқ». Саусақтар Әбiлқасымовтың нөмiрiн қайта тере бастады. Ұзақ талпыныстардан кейiн депутаттың дауысы естiлгенде бiз де бастырмалата жөнелдiк:
– Ерасыл аға, сiз мәлiмдемеңiздi бүкiл халыққа жасадыңыз. Сiз қызықсыз! Мен сұрақ қояйын, сосын сiздi екi сағат болса да, диктофонға жазып алайын.
– Әй, слушай, айналайын, жаңағы… тыңласаң, тыңла, тыңлағың келмесе… Сен сөйлейсiң бе, мен сөйлеймiн бе?
– Сұрақ қоюға менiң де құқым бар шығар, аға! Жарты сағат сөйледiңiз, мен сiзге ештеңе айтқан жоқпын.
– Ендi сұрақты аяғына дейiн тыңламай, адамды засекать етiп, бiрдеңке қылып жатсың ғой.
– Ерасыл аға, сөзiңiздi диктофонға жазып алдық. Арасында сұрақ деген туады, сiздiң «баяндамаңызды» тыңдау маған да қызық емес шығар?!
Депутат мырза екi сөзге келместен телефон тұтқасын тағы да қоя салды. Өкiнiшке қарай, «саясаттан жұрдай» мен Қытай экспансиясы, энергоқорын орталықазиялық қана емес, әлемдiк саясатқа ықпал етуге қолданып отырған кремльдiк саясат, құрдымға қарай құлдыраған қазақтың демографиялық ахуалы, жатжұрттықтың жетегiнде жаутаңдаған күйi мұхит асып кете баратын қазақтың жетiмектерi, қазақ тiлiнiң өз жерiнде нелiктен өгейдiң күйiн кешкенi, орыс тiлiнiң қазақ қоғамындағы ақпарат кеңiстiгiн түгел жаулап алғаны және Қазақстанның батыс және солтүстiк аймақтарындағы өзге ұлт өкiлдерiнiң қазақ тiлiн үйренуге қарсы екендiгi туралы «Түркiстан» газетiне бiр емес, бiрнеше мақала жазғанымды, әлi де жаза беретiнiмдi айтып үлгермей қалдым. Сiрә, орыс газеттерiнiң не айтқанын қалт жiбермейтiн Әбiлқасымов бiздiң тарапымыздан қойылған қарапайым сұраққа жауап берудiң орнына, жарты сағат бойы менiң «саяси сауатымды» ашуға бекер тер төккенiн түсiнбеген болар. Сұхбат алсам деген үмiттiң күл-паршасы шыққанын ұққандықтан, депутаттың биiк мiнберлерден де, парламенттiк отырыстарда да ҚАЗАҚ тiлiне шын жанашырлық танытып жүрген әрiптестерiнен пiкiр алумен шектелуге мәжбүр болдық.
Бекболат ТIЛЕУХАН, ҚР Мәжiлiс депутаты:
– Бұл мәлiмдеменiң астарында құлдық сана жатыр. Негiзi әр нәрседен саясат iздей беру өзi қиын. Қазiр бiзде саяси ықпалды қатты жүргiзетiндер – орыстiлдiлер. Президент айтқан соң бұлардың дымы құрып отыр. Қазақ тiлiнiң, мемлекеттiк тiлдiң дамығанына олар мүдделi емес. Сондықтан, менiң ойымша, осындай нәрсенiң астарын бiлгендiктен, саяси ықпал жүргiзiп отырғандардың көңiлiнен шығатынын бiлгендiктен, менiң әлгi әрiптесiм оңай жерден, әдемi саяси ұпай жинап алды деп ойлаймын. Бiрақ ол кiсi бiр нәрсенi бiлмей отыр. ХIХ ғасырдағы қазақ қоғамы мен ХХI ғасырдағы қазақ қоғамын салыстыру мүмкiн емес. Мысалға келтiрiлген Абайдың сөзi сол заманда не үшiн айтылды? Абайдың олай айтқан себебi мүлде тереңде жатыр. Олардың зарарынан қашық болу үшiн орыс тiлiн үйрен дейдi. Олардың бiрдейлiк дағдысына кiру үшiн орыс тiлiн үйрен дейдi. Ұлықсыған орыстардың законсыз қорлығына көнбеу үшiн орыс тiлiн үйрен дейдi. Сөйтедi де, Абай айтады: «Қазақ қоғамындағы орыстардың отарлық саясатының алдына түсiп алып, томпаңдағандар ұлықтың жауырынынан бiр қаққанына бола, әкесiн, шешесiн, дiнiн, дiлiн, иманын, ағайын-туғанын түгел сатып жiбередi» дейдi. Бұл – Абайдың сөзi! Ал қазiргi кезде Қазақстандағы саяси ықпал да, бүкiл қаржы мен билiк те – орыстiлдiлерде. «Орыстiлдiлердiң көңiлiнен шықсам, саяси тасым өрге домалайды» деп бiлетiндер саяси ұпай жинап отыр. Бiрақ аксиома бар. Ол: ҚАЗАҚ дейтiн халықтың, ҚАЗАҚ дейтiн ұлттың Қазақстан Республикасынан басқа тарихын, әдебиетi мен мәдениет, шежiресiн дамытатын жерi жоқ. Басқа барар жер, басар тауы жоқ. Орыстың — Ресейi, молдованның – Молдовасы, украинның – Укаринасы, немiстiң – Германиясы бар. Қазақ тiлi үстемдiк алуды көздеп отырған жоқ. Қазақ тiлi ең құрығанда өзiне тиесiлi қақысын ала алмай отыр. Бiз – шабуылдаушы емеспiз, қорғанушы жұртпыз. Қазiр Шахановты кейбiреулер шабуылдаушы ретiнде көрсетуге тырысып жүр. Бiрақ олай емес. Қазақ тiлiне араша түсiп, шыр-пыр болып жүргендер тiлдi дамытып, өзгелерден үстем болайық деп емес, барымызды сақтап қалайық деп жанталасып жүр. Iлияс Есенберлиннiң «Жанталасы» сияқты, қазақ тiлi де жанталас үстiнде. Шалажансар, демiн әзер алып жатқан тiлге соққы беру – қазақ тiлiне жасалған үлкен қастық. Бiздiң қасiретiмiз сол, қашаннан құрбан кетемiз. Кенесары неге жеңiлдi? Оған Қоңыр Құлжа сатқындық жасады, Сыпатай салғырттық жасады. Ахмет Байтұрсынов неге жеңiлдi? Неге бiз үнемi жеңiле беремiз? Өйткенi, жiгiмiз ылғи арамыздан шығып отырған. Бiз ылғи ауызбiршiлiк танытпағанбыз. Президентiмiздiң өзi бастап қазақ тiлiне басымдық берiп отырғанда, «бүйректен сирақ шығарулардың» астарында тағы да құлдық сана жатыр. Құл әрқашан да құлмен ғана бәсеке болады.
Амалбек ТШАНОВ, ҚР Мәжiлiс депутаты:
– Әбiлқасымов мәлiмдемесiнiң астарында не жатқанын бiр Құдай бiледi. Орыс тiлiн қазақ тiлiмен салыстыру – бiз үшiн мүлде түсiнiксiз әңгiме. Қазақстанда тiл туралы саясат бар, тiлдi реттеу туралы мәселенi көпшiлiк көтерiп жүр. Қазақ тiлiне қатысты жүргiзiлiп жатқан шаралар ешкiмнiң азаматтық құқығына қол сұқпайды, ешкiмдi елден үдере көшуге мәжбүрлемейдi. Бiздiң қазақтың қазiр армандап жүргенi бiр-ақ нәрсе: өз тiлiн өзiне қайтарып алу. Тiлдiң мәртебесiн ендi көтеремiз бе дегенде Әбiлқасымов сияқты азаматтар келiп, «бүйректен сирақ шығарады». Маған осындай келеңсiз әңгiмелердiң барлығы Президенттiң халыққа Жолдауынан кейiн шыққаны түсiнiксiз. Әбiлқасымов – «тапсырысты» көп орындайтын кiсi. Сондықтан оның мәлiмдемесiнiң астарында да «тапсырыс» жатуы ғажап емес. Тағы бiр маңызды жайт, Парламенттен квота арқылы орын бөлуге қатысты. Қазақстанда дауыс беру процесi әдiл де ашық сайлаулар негiзiнде жүзеге асуы тиiс. Кiмдi сайлайтынын халық өзi шешедi. Осы кезге дейiн халық «сен – Пәленшесiң, сен –Түгеншесiң» деп ешкiмдi өзектен тепкен емес. Сондықтан депутаттарға квота бөлу мәселесi де – Конституциямызға қайшы әрi ақылға сыймайтын iс.
Әлихан БАЙМЕНОВ, ҚР Мәжiлiс депутаты:
– Бiрiншiден, айдан анық нәрсе, мәлiмдеменiң астарында орыс тiлiне деген жанашырлық көзқарас жатқан жоқ. Орыс тiлi Ресейде де, Қазақстанда да Әбiлқасымовтың да, ешкiмнiң де қорғауын қажет етпейдi. Ол көсегесi көгерiп, толық дамыған тiл. Ресейде мемлекеттiк тiл мәртебесiне ие, бiзде де қолдану өрiсi жағынан қазiр бiрiншi орында тұр. Өткен кезеңдегi қазақ тiлiне жасалған қиянаттарды ескере отырып, қазақ тiлiнiң қолдану аясының тарылғанын ескере отырып, қазақ халқының талай ғасырдан берi аңсаған егемендiгiне 15-ақ жыл бұрын жеткенiн ескере отырып, бiздiң елiмiз Қазақ елi екенiн ескере отырып және бiздiң қазақ екенiмiздi ескерiп, Қазақстаннан басқа дүние жүзiнiң ешбiр елiнде қазақ тiлiнiң қорғау мен қолдауға ие болмайтынын ескере отырып, бұған дейiнгi тарихымызда ешқандай қолдау көрмегенiн ескере отырып, азамат адам қазақ тiлiн толыққанды етiп қалыптастыруға үлес қосуы керек. Қазақ тiлiне Конституциямызда мемлекеттiк тiл мәртебесi берiлсе де, күнi кеше ғана Конституциялық кеңес шешiм шығарса да, қазақ тiлiнiң қолдану аясы тар. Оның бiр себебi, Әбiлқасымов сияқты азаматтардың көзқарасы. Екiншi себебi, бiздiң орыс тiлiнде сөйлеп үйренiп қалған қазақ бауырларымыз өздерiн қазақ тiлi шынайы мемлекеттiк тiл болса, бәсекелестiкке қабiлеттi болмаймыз деп есептейдi. Үшiншi себебi, қазақ тiлiнiң кейбiр мәселесiн көтерiп жүрген азаматтардың өзi кейде елiмiздi болашаққа бастайтын, түркi халықтарының бiрлiгi мен өзара рухани жақындығын қамтамасыз ететiн және ХХI ғасырдағы ақпарат заманында қазақ тiлiнiң толыққанды ақпарат, бiлiм, ғылым, дүниетаным тiлiне айналуына жағдай жасау үшiн латиницаның керек екендiгiн түсiнбей жүр. Латын әрпiне көшу — отарлық санадан арылудың және рухани отарсыздану саясатын жүргiзудiң де тиiмдi жолы. Сондықтан тiл жанашырлары қазақтың болашағы үшiн «сөз – көмек, тiл – құрал» деген ұғымның қазақ тiлiне де тән болуы үшiн кешендi көзқарас қалыптастырулары керек. Мұндай мәлiмдемелер белгiлi бiр деңгейде жасанды мәлiмдемелер деп ойлаймын. Өйткенi, ол кiсi сол отырыста Қазақстандағы өзге ұлт өкiлдерiне Парламенттен квота арқылы орын бөлу мәселесiн де көтердi. Бұл, бiрiншiден, Конституцияға жат, екiншiден, ұлттық қарым-қатынасты шиеленiстiру жолы. ҚР Конституциясы бойынша, ешкiм белгiлi бiр ұлттың өкiлi болғаны үшiн ғана ешқандай да артықшылыққа ие бола алмайды.
Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ