«НҰРЛЫ НӨСЕРГЕ» КЕЛIҢIЗДЕР!

«НҰРЛЫ НӨСЕРГЕ» КЕЛIҢIЗДЕР!

«НҰРЛЫ НӨСЕРГЕ» КЕЛIҢIЗДЕР!
ашық дереккөзі
267

Тәуелсiздiгiмiздiң 15-жылдық мерекесiне орай наурыздың 11-шi жұлдызында Республика сарайында «Астана-Думан» ойын-сауық отауының ұйымдастыруымен «Нұрлы нөсер» эстрадалық ән фестивалi өтедi.

Концертке ҚР-ның халық әртiсi Ескендiр Хасанғалиев, Мақпал Жүнiсова, ҚР-ның еңбек сiңiрген әртiсi Рамазан Стамғазиев, «Нұр-Мұқасан», «Жiгiттер» тобы, Ұлту Қабаева, Алтынай Жорабаева, Тоқтар Серiков, Бейбiт Сейдуалиева, Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров, Ақбота Керiмбекова, Мәдина Сәдуақасова, Жұбаныш Жексенұлымен бiрге елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен келген, алдын-ала iрiктеуден өткен, үлкен сахнада өнер көрсетуге лайықты дарынды жастар шақырылады.

Бұл бағдарламаны ұйымдастырудағы негiзгi мақсат – өнерлi ауыл жастарын халыққа танытып, үлкен сахнада тұсауын кесу. Жоғарыда атап өткен өнер майталмандары мен дарынды жастардың сахнада қатар өнер көрсетуi ұрпақ сабақтастығына жол ашары сөзсiз. Алматыдағы талғамы биiк көрерменнiң алдында танымал тұлғалармен қатар ән шырқау шалғайда жүрген жас өнерпаздарға жауапкершiлiк жүгiн артып әрi үлкен сабақ болары сөзсiз. Бұл шара өнер жолында жүрген жастардың шабыттарын шыңдай түседi деген үмiтiмiз бар.

Фестивальдiң бас демеушiсi «Транс АСТ ЛТД» ЖШС-ның бас директоры, меценат – Оралбек Ботбай.

Серіктес жаңалықтары