Сүлеймен Демирел дүниеден өтті
Сүлеймен Демирел дүниеден өтті
Түркияның тоғызыншы Президенті С.Демирел 92 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың атыннан Р.Ердоғанға және бүкіл Түркия халқына қайғырып көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті көңіл айту жеделхатында: «Мен Сүлеймен Демирелді адал әрі сенімді дос ретінде құрмет тұттым. Біз жиі кездесіп, пікір алмасып отырдық, көптеген игі бастамаларға жол аштық. Қазақстан халқы оны парасатты басшы, кемеңгер көсем, Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық қарым-қатынастарға зор еңбек сіңірген тарихи қайраткерлер қатарындағы көрнекті тұлға ретінде әрдайым есте сақтайды», – деп атап өтеді.
Сүлеймен Демирел 1949 жылы Стамул техникалық университетінің инженерлік-құрылыс факультетін бітірген. Кейіннен 6 жыл АҚШ-та еңбек тәжірибесінен өткен. Саясаткер Түркиядағы Әділет партиясының негізін қалаушылардың бірі. 1993 жылы ел президенті Тұрғыт Өзал қайтыс болған соң, Түркия президентіне сайланып, 2000 жылға дейін қызмет атқарды.