ҚАБДОЛОВТЫҢ ҚОС КIТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДI

ҚАБДОЛОВТЫҢ ҚОС КIТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДI

ҚАБДОЛОВТЫҢ ҚОС КIТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДI
ашық дереккөзі
231

Өткен аптада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң филология факультетiнде «II Қабдолов оқулары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткен едi. Аталмыш конференцияда «Дана дидар» және «Көрген түстей, сағымдай…» атты екi кiтаптың тұсауы кесiлдi. Филология факультетiнiң деканы Қансейiт Әбдезұлы басқарған бұл жиынға ғалымның жары Сәуле Қабдолова, ұлы Бақыт пен немересi Абылай қатысты.

Конференцияда Жанғара Дәдебаев, Бақытжан Майтанов, Жұмат Тiлепов қатарлы филология факультетiнiң профессорлары Зейнолла Қабдоловтың әсемдiк әлемi туралы, шешендiк пайымдау тәсiлдерi туралы тереңнен толғап, ұстаз шығармашылығын әр қырынан талдап, өрелi ойлар айтты. Әсiресе, Батыс Қазақстан облысынан келген С.Сұлтанғалиев Зекеңнiң «Жайық қызы» әнiне тоқталып, «тiлге жеңiл, жүрекке жылы тиетiн» әсем әуенге ыстық ықылас бiлдiрдi.

Ең бастысы, конференцияға қатысқан ғалымдар мен студенттер «Дана дидар», «Көрген түстей, сағымдай…» кiтаптарының тұсау кесерiне куә болды. «Дана дидар» жинағына академик-жазушының оқырманға бұрын жетпеген романдары, жолжазбалары, аудармалары топтастырылса, «Көрген түстей, сағымдай…» кiтабы ғалымның жары Сәуле Қабдолованың Зекең туралы естелiктерiнен тұрады.

Сөз арасында Қансейiт Әбдезұлы «Сендерден бiр артықшылығым – Әуезовтiң шәкiртi болғаным» деп отыратын Зекең сөзiн еске алып, «бiздiң қазiргi сендерден артықшылығымыз Зекеңнiң шәкiртi болғанымыз» деп жастарға терең ой тастады. Иә, сөзден маржан терген Зейнолла Қабдолов шәкiрттерi бiзге қазақтың қара сөзiнiң қасиетiн ұқтырғандай болды.

Ә.БАҚЫТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары