ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТIЛIГI

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТIЛIГI

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТIЛIГI
ашық дереккөзі
429

Кейде, көз алдыңда жатқан «шындықтарды» байқамайтын сәттер болады, олардың «сондай екендiктерiн» бiлгендiктен, қазақтың «әй қойшысы»… айтылады да айналып өтiп кете бередi. «Қазақ мемлекеттiлiгiн қай кезден бастаймыз» – деген сұрақ қойылады да, бiреуi «Нұқ пайғамбардан бастайық» – десе, екiншi «XV ғасырдағы Жәнiбек пен Керей сұлтандардың Қазақ хандығын құру кезеңiнен бастайық», – деп бастырмалайды. Бұларды айтатын да қазақ емес, қазақ алаштары, себебi, «олар қазақ құрамына қай кезде келсе, сол кез мемлекеттiң құрылу уақытына сай» – деген өзiндiк тiлегi. Түрлi себептермен қазақтың шынайы тарихы айтылмай келдi, қазақ руларының тарихы (тiптi генеологиясы) ұлт тарихының мемлекеттiлiгiнiң құрамдас бөлiгi екенi, бұл күндерi, көзi қарақты әр қазаққа белгiлi.

Бiздiң жыл санауымызға дейiнгi VII ғасырда (бұдан екi мың жетi жүз жыл бұрын) парсы жерiнен «сақ» тiлдес «қас (қаси)» тайпалары ығыстырылып шығарылады, олардың бас тiреген жерi «Қаскелең» өзенi, қазiргi қазақ тiлiмен айтқанда – «қас» тайпасының «келген жерi». Ж.Тұрлыбаевтың «Райымбек батыр» кiтабында «Қаскелең» қалмақ батырының аты делiнген. Ол «қалмақ батырының» өз аты Жоңға Сэрэн, осы жердi жаулап алғанда «Қаскелең» атын иемденген, «басқаның аты – ат болмайтынын» дәлелдегендей, қалмақ Жоңға Сэрэн қазақ батырының қолынан жекпе-жекте қаза табады.

Екi ғасыр бойы «қас» пен «сақ» тайпаларының бiрiгiп мемлекеттiк деңгейге жеткендiгiнiң дәлелi ретiнде, сол кездегi, тек жоғары деңгейдегi мемлекеттiк бiрлiкте ғана қол жететiн технологияның – рудалардың қазып алып, олардан алтын, күмiс, мыс және т.б. әшекейлi құймалар жасауды айтуға болады. Қазақ жерiнде табылған «алтын адамдар» осының бұлжытпас дәлелi. «Қассақ» бiрлiгiнен үш алып мемлекеттiк бiрлiктер пайда болған. Ол «Үйсiн», «Қаңлы», соңынан «Жалайыр» мемлекеттiк бiрлiктерi. Тiкелей дәлелi, археологиялық құжаттар, заттар сол кездегi тарихи аренадағы Мысыр, Қытай, Парсы, Үндi және т.б. елдермен қарым-қатынас тарихи жәдiгерлерi. Бұл мемлекеттер бiр тiлде (қас-сақ) сөйлеген, Евразия кеңiстiгiн алып жатқан. Қазақ мемлекеттiгi осыдан басталады – бұл бiздiң жыл санауымызға дейiнгi (2700 жыл бұрын) VII ғасыр. «Қассақ» бiрлiгiнен тiкелей тарағандар – Үйсiндер, Қаңлылар, Жалайырлар – бұлар протоқазақтар! Ал қазақ ұлтының құрамындағы «Алаштық» бiрлiктер, пайда болу уақытына қарай үш топқа бөлiнедi:

Протоқазақ Алаштар: Парсы-Қассақ,Қытай-Қассақ, Ғұн-Қассақ.

Пайда болу уақыты – бiздiң жыл санауымызға дейiнгi VII ғасырдан жыл санауымыздағы II-ғасыр.

Орта қазақ алаштары: Арап-Қазақ,Моңғол-Қазақ.

Пайда болу уақыты – жыл санауымыздағы VI-XIV ғасырлар.

Жаңа қазақ Алаштары: Жоңғар-Қазақ,Орыс-Қазақ.

Пайда болу уақыты жыл санауымыздағы XVIII-XXI ғасырлар.

Бұл «Алаштық» бiрлiктерден қазақ ұлтының құрамында сандаған рулар, «сословиелер» бар. «Протоқазақ», «Ортақазақ» алаштары ассимиляция барысында түгелдей қазақтанып бiткен, ал «Жаңақазақ» алаштарында «қазақтану» процессi (үрдiсi) жүрiп жатыр, ол ендi 150-200 жылдан соң аяқталады, ұлттану кезеңi «500 жылдан ары саналады». Мысалы, Ғұн қассақтар «Қазақтану» тарихын «Түркiлiкпен» байланыстырса, Арап қазақтар – «Нұх пайғамбардан» бастайды. Моңғол қазақтар – Жәнiбек пен Керей сұлтандардың «қазақ хандығын құруынан» бастап жүр. Шындығында бұлардың бәрi қазақтың ұлттық тарихының «құрамдас бөлiктерi» ғана, сондықтан Қазақ пен Алашты ажырата алмағандар «Қазақ мемлекеттiгiн қай кезден бастаймыз?» деген сұрақты қоюға әуес және сол арқылы көнеден белгiлi қазақ мемлекеттiгiн әрi-сәрi етiп, тәуелсiздiгiмен ұйыса бастаған ұлттық бiрлiкке, әлi де болса Алаштық сына қағатын сыңайлы.

Олардың көбiнiң бүкiл қазақ құрамындағы негiзгi рулардың моңғол шапқыншылығы кезiнде (ХII-ХIII ғғ.) қайта тұжырымдалғанына «көңiл қоймағаны» бiлiнедi. Бұл «тұжырымдалу» қазақ құрамының мемлекеттiк территориясының «үш жүз жүздiктердiң (300000 қассақ, алаш, моңғол «гвардиясы») билiгiне енуiне байланысты орындалған «саяси басқару iс-әрекетi» едi. Әр жүздiкте жүз жүздiктен болған, басшылары – моңғол «нояндары».

Ұлы жүз (жүздiктер) негiзiнен қассақтардан құралған.

Орта жүз (жүздiктер) – қассақтар мен алаштардан құралған.

Кiшi жүзде (жүздiктер) қазақтар аз, алаштар көп болған.

Жүздiк атаулары «қассақ» жүздiктерiнiң «жүздiктер» құрамындағы санына тiкелей байланысты болған, сондықтан «Ұлы», «Орта», және «Кiшi» аталған. «Үш жүз жүздiктердi» қазақ «Үш Жүз» – атап кеткен.

Самарқанд қаласы өзi берiлгенде Шыңғысхан балалары: Жошы, Шағатай және т.б. «халық көп, әсiресе көшпендi-отырықшыларды (Қазақтар) қалай басқарамыз?» – дегенде, ханның өзi ұсынған стратегиялық «Үш жүздiктер» осылар едi. «Үш жүздiктердiң» территориялық құрамында қалған қазақ рулары сол жүздiк атауларын «иемденiп» қалған, белгiлi бiр аумақта ата-ата, ру болып көшiп-қонып жүрген, тәртiп бұзғандары жаппай қырылған, сондықтан «Жүздiк» түсiнiгi сiңiстi болып «қалыптасып» кеткен. Шыңғыс ханға бұл тиiмдi болғанмен, Ресей колонизациясы кезiнде «жүздiктердегi» руларды бiр-бiрiне айдап салып, «алауыздандырып» басқарып отырған.

Тiптi қазiргi «тәуелсiз Қазақстанның» өзiнде де «қазақтарға тәуелсiздiктi мойындатқызбау, әр тiлдi, әр дiндi етiп», осындай келеңсiздiктердi туындатуда. Ол тұрмақ, газетiмiз «Жас Алаш», «Жас Қазақ» болып араланып отыруының өзi Ресей колониалдық үстемдiгiнiң сарқыншағы екенi даусыз. Қазақ ұлты «Алаш», «Қазақ» болып бөлiнiп тұрғанда «Қазақтың мемлекеттiлiгiнiң жасын қай кезден бастаймыз?» – деген сұрақ туындай берердей. «Қазақ» деген ұлт бар, «Алаш» деген ұлт жоқ, сондықтан «Қазақтың мемлекеттiлiгiн» бiздiң жыл санауымызға дейiнгi VII ғасырдан «Қас» пен «Сақ» тайпаларының мемлекеттк бiрлiгiнен бастаған дұрыс «Бұдан 2700 жыл бұрын, 30 тамызда пайда болып, құрылған» – деп алсақ, қалпағымыз қисаймасы анық. Бәрiмiз таза қазақ болайық, ұлт бiрлiгiн нығайтайық!

Нұрбай МҰСАБЕКҰЛЫ,

Алматы қаласы

Серіктес жаңалықтары