ҒАЖАЙЫП ЛОТОРЕЯ
ҒАЖАЙЫП ЛОТОРЕЯ
ХХI ғасыр — технологияның ғасыры. Бұл күнде бiздi қоршаған құбылыстың бәрi компьютермен реттеледi. Ғаламторсыз бүгiнгi қоғамды елестету әсте қиын десек, артық айтпағанымыз шығар. "Эйр Астана" әуекомпаниясы заман ағымымен бiрге дамып келедi. Себебi "Эйр Астана" қызметiн тұтынушылар ғаламтор арқылы, on-line жүйесiнде әлемнiң кез келген нүктесiне жеткiзер билеттерге тапсырма бере алады.
On-line жүйесi демекшi, елiмiздегi бiрегей әуекомпаниясы Visa/Visa Electron төлем картоларымен бiрiге отырып керемет iс-шараны қолға алды. 2009 жылдың 1-қарашасы мен 31-желтоқсаны аралығында "Эйр Астананың" ғаламтордағы сайтына on-line жүйесiнде әуебилеттерге тапсырыс берiп, билет құнын Visa/Visa Electron төлем карточкалары арқылы өтеген әрбiр жолаушының Ванкувер қаласындағы 2010 жылдың қысқы олимпиадалық ойындарына жолдама алуға мүмкiндiгi болды. Қалай дейсiз ғой. "Эйр Астана" әуекомпаниясының қызметкерлерi компьютерге арнайы бағдарлама енгiздi. Бағдарламаға on-line жүйесiнде ұшақтағы орынға алдын-ала тапсырыс берген немесе әуебилетiн сатып алған жолаушылардың тiзiмi енгiзiлдi. Мiне, осылайша үстiмiздегi жылдың 1-қарашасы мен 31 желтоқсаны аралығында "Эйр Астананың" "On-line арқылы тапсырыс беру" акциясы аясында 4450 жолаушы ғаламтор арқылы әуебилетiн сатып алған екен. Кеше сол 4450 қатысушының арасынан жеңiмпаздар анықталды. Аталмыш лотореяның жүлде қоры көңiл тойдырарлықтай. Бас жүлде 2010 жылғы Қысқы Азия ойындарына 2 адамға жолдама болса, 2-орынға "Эйр Астана" әуекомпаниясы қатынайтын халықаралық немесе iшкi рейстерге бизнес-класқа тегiн билет, 3-орын дәл осы рейстерге эконом-класқа тегiн билет. Ал төртiншi жеңiмпазға тек iшкi рейстерге бизнес-класқа тегiн бiр билет берiлсе, бесiншi жүлдегер iшкi рейстерге эконом-кластағы тегiн бiр билетке ие болады. Негiзгi жүлде иегерлерi белгiлi бiр себептен жүлдеден бас тартса, онда қосымша жүлде иегерлерi аталмыш сыйлықтардың иегерi атанады. Сонымен жеңiмпаздарды анықтау барысы да өте қызық өттi. Бағдарламаға енгiзiлген әрбiр жолаушының реттiк нөмiрi анықталды. Басқа лотореяларда дөңгелек барабанды айналдыру арқылы жүлдегер анықталса, бұл лотореяда жеңiмпазды анықтайтын ғажайып құрал компюьтердiң кәдуiлгi "тышқаны" болды. Комиссия мүшелерi компьютер "тышқанының" тетiгiн басып, жоғарыда аталған билеттердiң қожайынын анықтап бердi. Комиссия мүшелерiнiң құрамы БАҚ құралдарының өкiлдерi арасынан таңдалғанын да атап өткен жөн.
Бiр айта кетерлiгi, мұндай ғаламтор лотореялары бұған дейiн де өткiзiлген екен. "Ғаламторды пайдаланушылар күн сайын артып барады. Бүгiнде адамдар үйiнде отырып-ақ ғаламтор арқылы кез келген қызмет түрiн қолдана алады. Болашақта елiмiздiң азаматтары түгел дерлiк ғаламторға қол жеткiзедi. Сол себептi бiз осындай сиқырлы лоторея өткiзiп, тұтунышыларымызды қуантқымыз келдi" — дейдi "Эйр Астана" қызметкерлерi. Әуекомпаниясы игi шараны әлi де жалғастырмақ ниетте.
Әйгерiм БАҚЫТҚЫЗЫ