ШЕКАРА ҚЫЗМЕТI ЖОЛДАУДЫ ТАЛДАДЫ

ШЕКАРА ҚЫЗМЕТI ЖОЛДАУДЫ ТАЛДАДЫ

ШЕКАРА ҚЫЗМЕТI ЖОЛДАУДЫ ТАЛДАДЫ
ашық дереккөзі
213

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлi Жолдауын ҚР ҰҚК Шекара қызметiнiң жеке құрамалары мен бөлiмдерi де шын ниетпен қолдап атсалысуда. Алматы қаласында орналасқан ҰҚК Шекара қызметi жеке дербес байланыс полкiнiң тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстары бөлiмiнiң ұйымдастыруымен өткен жиынға әскери бөлiмнiң жеке құрамы толықтай қатысып, аталмыш Жолдауды зейiн қойып тыңдады.

Өйкенi биылғы Жолдаудың маңызы ерекше. Онда Президент бiзге жаһандық экономикалық және саяси ықпалдардың қайта бөлiсi мен тарихи кезеңдер алмасуының күрделi сәтiнде Қазақстанның 10 жылдық даму бағдарламасын ұсынды. Сымды байланыс орталық бастығының орынбасары лейтенант А.Мұратқалиұлы Жолдауды тыңдап болғаннан кейiн өзiнiң жүрек жарды ойын былай жеткiздi.

"Президентiмiз бiзге экономикалық және өркениеттiк қиындықтарға төтеп беретiн, нақты қадаммен алға апаратын бағытты белгiлеп бердi. Сонымен қатар, үстiмiздегi жылы бiз Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 65 жылдығын атап өтемiз. Бұл бiздiң ортақ тарихымыздағы маңызды дата болып табылмақ. Осыған орай, аталмыш Жолдауда әрбiр соғысқа қатысушы мен соғыс мүгедегiне бюджеттен 65 мың теңге мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленетiн болыпты. Сол сияқты соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген, Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшiлердiң ата-аналары мен жұбайлары, қаза болған соғыс мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң жұбайлары, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерi де материалдық қолдаусыз қалмайтынын айтты", – дейдi.

Жолдауда сондай-ақ, "Нұр Отан" ХДП-ның қоғамдағы рөлiне ерекше мән берiлдi. Менiң ойымша, Президенттiң экономиканы әрi қарай дамыту, қазақстандықтардың өмiр сүру деңгейiн көтеру және демократияны жетiлдiру бағытын қолдауда барлық саяси күштердi елiмiздегi алдыңғы қатарлы партияның айналасына топтастыруға болады. Президенттiң әрдайым халықпен бiрге екенiн, халыққа және әрбiрiмiзге деген үлкен қамқорлығын көрсетедi. Қалай айтсақ та, биылғы Жолдау Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың бүкiл халықтың, әрбiр отбасының, әр адамның әл-ауқатын одан әрi көтеруге бағытталған сарабдал жоспары болды деп нық сенiммен айта аламын.

Тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық

жұмыстары жөнiндегi бөлiм бастығы подполковник Б.Садықов

Серіктес жаңалықтары