ЖIБЕК ӨНЕРI — ҚЫТАЙ ӨРКЕНИЕТIНIҢ АЖЫРАМАС БӨЛIГI
ЖIБЕК ӨНЕРI — ҚЫТАЙ ӨРКЕНИЕТIНIҢ АЖЫРАМАС БӨЛIГI
Кеше Астана қаласындағы Тәуелсiздiк сарайында Қытай жiбегi мұражайының ұйымдастыруымен "Жiбек жолы – Қытай Жiбек өнерi" атты көрменiң ашылу рәсiмi өттi.
"Ұлы жiбек жолының" пайда болуына бiрден бiр себепкер қытай жiбегiнiң көрмеге қойылуы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Тәуелсiздiк сарайы МКҚК, ҚХР Мәдениет министрлiгi мен Қазақстандағы ҚХР елшiлiгiнiң тiкелей ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Жiбек матаның пайда болуы сонау неолит дәуiрiне жатқызылады. Қытайлардың түп атасы болып саналатын Сары императордың зайыбы Лэйцзу ханымның жiбек құрттары кейiннен қытай халқын, бертiн келе бүкiл әлемдi киiндiрдi. Шамамен 5 мың жылдай бұрын жiбек құрттарын көбейту арқылы жiп жасап, одан мата тоқи бiлген қытайлықтардың жiбек құртына қатысты аңыз-әңгiмелерi жетiп артылады. Жiбек өндiру өнерi ханзу халқы тарихының ажырмас бөлiгiне айналған.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясында өткiзiлiп жатқан көрмеде Қытай жiбек мұражайының 65-тен астам жәдiгерлерi қойылды. Бұл көрменiң 4 наурызға дейiн есiгi ашық болмақ.
Айбике ЖАНАЕВА