ЖОЛДАУ МИНИСТРЛIКТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ЖОЛДАУ МИНИСТРЛIКТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгiнде елбасының халыққа арнаған жолдауын жер-жерде түсiндiру шаралары жүзеге асып жатыр. Бұл үрдiстi жалғастырып кеткен министрлiктер де арнайы басқосулар мен отырыстар өткiзу үстiнде. Жақында өткен президенттiк мәдениет орталығында "Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу "Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi" атты республикалық семинар-кеңестiң көтерген жүгi де жолдаудың орындалу жұмыстарына арналды.
Арнайы кеңесте Жолдау тақырыптары бойынша түсiндiру iс-шараларын ұйымдастырудың негiзгi әдiстерi талқыға салынып, әртүрлi әлеуметтiк топтармен жұмыс жөнiндегi ұсыныс-пiкiрлер әзiрлендi. Ақпараттық жұмыстың, соның iшiнде республикалық ақпараттық-насихаттық топтар (РАНТ) жұмысының оңтайлы форматы мен жүргiзу әдiстерi айқындалды. Атап айтқанда, РАНТ жұмысын өндiрiстiк кәсiпорындар мен ауылдық аудандарға үлкен көңiл бөле жүргiзу ұсынылды.
Сол сияқты, кеңес барысында Жолдауда көрсетiлген нақты салалар — экономика, индустрияландыру, бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау төңiрегiнде нақты мiндеттердi жүзеге асыру жөнiнде салиқалы ойлар айтылды. Аталмыш iс-шара барысында арнайы сөз алған Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед, Индустрия және сауда министрi Ә.Исекешов, Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаев, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықова және бiрқатар облыс басшылары баяндама жасады.
Жұмыс нәтижесi бойынша барлық РАНТ мүшелерiне жергiлiктi жерлерде жұмыс жүргiзу үшiн ақпараттық-әдiстемелiк материалдар пакетi табыс етiлдi. Үкiмет мүшелерiне жетекшiлiк ететiн барлық топтар 22-ақпан мен 5-наурыз аралығында сапарға шығатын болады. Ал жергiлiктi атқарушы органдар өкiлдерiне көрнекi үгiт құралдарын әзiрлеу кезiнде бiрыңғай стандарттарды енгiзу ұсынылды. Бұған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлiгi дайындаған дизайнерлiк әзiрлемелер таратылды.
Д.ДҮРМӘН