ЯСАУИ КЕСЕНЕСIН ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСЫҢЫЗДАР!

ЯСАУИ КЕСЕНЕСIН ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСЫҢЫЗДАР!

ЯСАУИ КЕСЕНЕСIН ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСЫҢЫЗДАР!
ашық дереккөзі
410

Газетiмiздiң өткен сандарында «Қожа Ахмет Ясауи кесенесiне қауiп төнiп тұр», «Ясауи кесенесiн аялайық, ағайын!» атты мақалалар жарық көрдi. Бұл мақалаларда аталмыш кесененiң қазiргi жай-күй, апатты жағдайы тәптiштеп жазылған. Ендеше кесенеге жаңадан реставрация жұмысын жүргiзiп, оны сақтап қалу мақсатында «Түркiстан» газетi мен «Қожа Ахмет Ясауи кесенесiн қорғау» атты қоғамдық бiрлестiгi 10-наурыз бен 10-сәуiр аралығында «Ясауи кесенесiн аялайық, ағайын!» атты республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастырып отыр.

Естерiңiзге сала кетейiк, осыған дейiн үкiмет киелi кесененiң реставрация жұмыстарын түрiк фирмасына табыстаған. Алайда, олар әуелдегi Әмiр Темiр жобасын бұза отырып, кесене еденiне төселген мал қиы мен қамыстың орнына бетон құйған. Бетон астынан қара қағаз төселмей, нәтижесiнде горизантальдi гидролизация жасалмаған. Сондай-ақ, қазандық төбесiндегi үлкен күмбездi қышпен қаптап, ауа өтетiн торкөздердi тығындап тастаған. Ол өз кезегiнде, гипс құймаларының ылғалданып, күмбездiң құлауына әкелуi мүмкiн. Сондықтан, акция ұйымдастырушы қоғамдық бiрлестiктiң алға қойған мақсаты – әлемнiң үздiк реставратор мамандарын шақыру және халықаралық тәуелсiз құрылыстық сараптама жасау. Бұдан әрi кесененi жөндеу үшiн ЮНЕСКО-ның қаржы бөлуiн талап ету алға қойылып отыр. «Қожа Ахмет Ясауи кесенесiн қорғау» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Бақытжан Жүнiсов Әмiр Темiр жобасын Өзбекстан мемлекеттiк мұрағатынан керi қайтару – құрылысты жүргiзудегi маңызды шаруа деп отыр. «Жәдiгерiмiздi қаз қалпында сақтауда тиiстi органдардың бәрiне хабарладық. Жедел қолға алмасақ, ұрпақ алдында кешiрiлмейтiн күнә жасағандық болар едi» дедi ол.

Реквизиттерi:

«Қожа Ахмет Ясауи кесенесiн қорғау»

Қоғамдық бiрлестiгi

РНН 582000216587

БИК 195801764

Есеп шоты: 000700659

«Казкоммерцбанк»

АҚ, Шымкент бөлiмшесi

Серіктес жаңалықтары