ЖУРНАЛИСТIҢ ЖАҢА КIТАБЫ

ЖУРНАЛИСТIҢ ЖАҢА КIТАБЫ

ЖУРНАЛИСТIҢ ЖАҢА КIТАБЫ
ашық дереккөзі
206

Советтер Одағының Батыры штурман-ұшқыш Плис Нұрпейiсовтың қилы да қызықты тағдырына арналған

Кеңестер Одағының тарихында Ұлы Отан соғысы деп аталынған қан майдандағы шайқастың Жеңiспен аяқталғанына 65 жыл толғалы отыр. Бұл Жеңiс оңай келген жоқ. Басын өлiмге тiккен талай ержүрек жауынгерлердiң арқасында келдi. Солардың бiрi 47-шi гвардиялық алыс қашықтықтарды барлаушылар полкiнiң штурман-ұшқышы, Советтер Одағының Батыры Плис Нұрпейiсов. Шын аты – Бiлiс. Туу туралы куәлiгiне орысша Плис деп жазылып кеткен.

Ол туралы соңғы жетi, сегiз жыл бедерiнде журналист Көлбай Адырбекұлы осы халықаралық "Түркiстан" газетiнде бiрнеше рет материалдар жариялады. Журналист деректердi батырдың туған iнiсi Жүсiпбай Нұрпейiсовтiң және полктiң аға механигi, "Известия" газетiнiң бұрынғы тiлшiсi Владимир Силантьевтiң естелiктерiнен, сондай-ақ сол кездегi полк командирi Трофим Романович Тюриннiң ол туралы Жоғары командованиеге жазған есептi баяндамаларынан алған. Жуырда ол сол материалдар негiзiнде "Жүрек жұтқан" деп аталынған кiтап жазып шықты. Қаржы тапшылығына байланысты кiтап баспадан аз данамен жарық көрдi. Әрине мұндай тиражбен кiтаптың республикаға кеңiнен таралмасы анық. Тiптен мұндай ұшқыш-болғанын "Түркiстан" газетiнiң он мың оқырманынан басқалар бiлмейдi де. Ал халық өз батырын бiлуi керек.

Жуырда Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында автордың "Жүрек жұтқан" кiтабының тұсаукесерi болды. Автор кiтаптың қалай жазылғаны туралы келушiлерге жан-жақты мағлұматтар бердi. Батырдың iнiсi Жүсiпбай Нұрпейiсов естелiктер айтты. Ғалымдар мен ақын жазушылар кiтап туралы өз ойларын ортаға салды. Олар туындының маңыздылығына тоқтала келiп тиiстi министрлiктер мемлекет есебiнен көп тиражбен қайта басып шығарса, штурман-ұшқыш Нұрпейiсовтың ерлiктерi қазiргi және келер ұрпақтың мақтанышы ғана емес, рухтарын да көтеретiнiн алға тартты.

"Түркiстан ақпарат"

Серіктес жаңалықтары