БIЛIМДI ҰРПАҚ – МЕМЛЕКЕТТIҢ ТIРЕГI

БIЛIМДI ҰРПАҚ – МЕМЛЕКЕТТIҢ ТIРЕГI

БIЛIМДI ҰРПАҚ – МЕМЛЕКЕТТIҢ ТIРЕГI
ашық дереккөзі
276

Отан – отбасынан құралады. Олай болса, мемлекетiмiздiң гүлдене түсуi әр отбасының өсiп-өркендеуiмен тығыз байланысты.

Жас ұрпаққа тәрбие мен бiлiмдi балабақша, мектеп бередi деп, тамағын тоқтап, киiмiн бүтiндеп, яғни ас-ауқатқа, киiмге, ақшаға мұқтаж етпей асырап қана отырсаңыз, ата-аналық абыройға жете алмасыңыз сөзсiз. Қазiр баласы мектепте оқитын көптеген ата-ана кейбiр пәндер бойынша мұғалiмдерден қосымша сабақ сұрап жатады. Неге? Ол ата-ана да орта мектептiк бiлiм алды емес пе?

Соңғы жылдары мектеп түлектерi ұлттық бiрыңғай тест тапсырып жүр. Кей ата-ана "Математиканың, қазақ тiлiнiң, тарихтың керегi не?" деп жатады. Мұны қалай түсiнуге болады? Қазақ тiлiнiң заңдылықтары мен тарихтың ақтаңдақ беттерiн терең меңгерiп, өз тiлiнде еркiн сөйлесе, несi жаман? Ал онсыз да техникаға жоламайтын қазақ балаларының математиканы игергенi құба-құп емес пе?

Жастардың ең басты кемшiлiгi – өз бетiнше iзденгiсi келмейдi. Мiне, осы кемшiлiктен құтылуға бiрыңғай ұлттық тесттiң тигiзер пайдасы көп. Кез келген түлек жоғары балл жинап, грантқа iлiнсем деп жан-жақты еңбектенедi. Бiле бiлсек, өркениеттi дамыған елдер байлығын шашып көрсетуден гөрi, жастарының бiлiмдiлiгiмен, өнертапқыштылығымен, ашқан кәсiпорын өнiмiнiң сапалылығымен мақтанады екен. Яғни, ұрпақ бiлiмдi болмаса, бiздiң тың жаңалығымыз, кәсiпорнымыз қалай ашылмақ? Жоғары оқу орнын ақылы бiтiрiп, аға-көкелерi арқылы қызмет iстейтiн бiлiмсiз мамандар жалғаса берсе, елiмiздiң ертеңiнiң не боларын ойлаудың өзi қорқынышты. Демек, бiлiм бәсекесi орнағанда ғана отанымыздың жұлдызы жарқырап, алға өрлейдi. Бар байлығымызды өзiмiз игерiп, игiлiгiмiзге жұмсағанға не жетсiн?! Келешек ұрпақтың бiлiмдi болуы – Отанның да, отбасының да абыройы.

Сәуле АЖИБАЕВА

Серіктес жаңалықтары