«АҚ ЖЕЛКЕН» ЖУРНАЛЫ – 85-те

«АҚ ЖЕЛКЕН» ЖУРНАЛЫ – 85-те

«АҚ ЖЕЛКЕН» ЖУРНАЛЫ – 85-те
ашық дереккөзі
1128

Жайдары көктеммен iлесе келген бiр қуаныш – Қазақ балалары мен жасөспiрiмдерiнiң сүйiктi журналы «Ақ желкен» 85 жасқа толды. Айтулы мерекеге орай таяуда Алматыдағы Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ерi Аягүл Миразова басшылық ететiн Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясында «85-те «Ақ желкен» атты мерекелiк кездесу кешi өттi.

«Ақ желкен» журналының Бас редакторының орынбасары Қуат Әуесбай бастаған редакция ұжымы кештiң құрметтi қонағы болып, балалар журналының кешегiсi мен бүгiнгiсiнен сыр шерттi.

Мектептiң өнерлi оқушылары күй тартып, ән айтып, сүйiктi журналдарының мерейiн өсiру үшiн барын салды. Сондай-ақ, оқушылар журнал тарихын таразылап, «Ақ желкеннiң» қызықты айдарлары бойынша өз ойларымен бөлiстi, сұрақ-жауап арқылы пiкiр алмасты. Әсiресе, мектептiң мақтаныштары Құмарбек Әшiр, Кәусар Халмен, Темiрлан Стаханов, Айдана Туреева редакция мен оқырмандар арасында алтын көпiр орнатуға тырысты.

Мектеп директоры Аягүл Миразова «Ақ желкеннiң» ұжымын мерейтойымен құттықтап, жылы лебiзiн арнаса, кештi қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi Гүлнұр Iзбасарова жүргiзiп отырды.

Бұл келiстi кеш «Ақ желкен» журналының мерейтойына арналған алғашқы бастама ғана, алдағы уақытта журналдың 85-жылдығы кең көлемде атап өтiлетiн болады.

Д.ДҮРМАН

Серіктес жаңалықтары