334
«ШЫҢ МЕН ШЫҢЫРАУДЫҢ»
«ШЫҢ МЕН ШЫҢЫРАУДЫҢ»
2009 жылы «Қайнар» баспасынан шыққан жазушы Ұзақбай Доспанбетовтың «Шың мен шыңырау» атты роман-дилогиясының алғашқы кiтабы оқырмандардың ерекше ықыласына бөлендi.
Алғашқы кiтапта екi мәрте Еңбек Ерi Нұрмолда Алдабергенов пен Еңбек Ерi Әбдiқадыр Дайыровтың еңбек жолы, олардың замандастары, сондай-ақ ыстық-суықты бiрге көрген ауылдастарының өмiрi көркем суреттелген. Нақты оқиғалар негiзiнде құралған шығармада заман келбетi айқын көрiнедi.