ТҰРҒЫН ҮЙ ТӨҢIРЕГIНДЕГI ТҮЙТКIЛДЕР

ТҰРҒЫН ҮЙ ТӨҢIРЕГIНДЕГI ТҮЙТКIЛДЕР

ТҰРҒЫН ҮЙ ТӨҢIРЕГIНДЕГI ТҮЙТКIЛДЕР
ашық дереккөзі
382

Өткен аптада «Шаңырақ» қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен Қазақстандағы тұрғын үй мәселесiне байланысты дөңгелек үстел өттi. Мұнда өршiп тұрған iшкi мигранттар мәселесi жан-жақты қаралды. Дөңгелек үстелге басқа да республикалық, халықтық бiрлестiктер қатысты.

Алматы қаласында жұмыс iстеп, бiлiм алып жатқан халықтың 75 пайызы ауылды жерлерден келген. Соған сәйкес жеке басында тұрақты баспанасы жоқ. Бұрын-соңды өмiршеңдiгiн жоғалтпай келе жатқан баспана мәселесiнiң бүгiн-ертең шешiле қоймасы анық. «Иә, тұрғын-үй төңiрегiнде дау көп. Халық арасында үнсiз күрсiнумен тиылатын баспана мәселесi «Шаңырақ» ықшамауданында орын алған оқиғадан кейiн белең ала бастады» – дедi «Шаңырақ» бiрлестiгi заң қызметiнiң жетекшiсi Ю.Усов.

Сондай-ақ, ипотеканы тығырықтан шығар жол деп тапқан халық кезiнде ипотека үйлерiн қаптатып ала бастады. Нәтижесiнде олардың бiрi коллектордың, екiншiсi құрылыс компанияларының құрығында кете барды.

Айтқандай халықтың, жеке басында үйi жоқ, пәтерден пәтерге көшiп жүре беретiн американдық ұлтқа айналып кету қаупi бар. Осы күнге дейiн қалтасында қаржысы жеткiлiктi американдықтар түпкiлiктi үй сатып алудан бас тартады. Себебi «ұшарын жел, қонарын сай» бiлетiн бұл елдiң тұрғындары пайданың түсiмiне қарай орын ауыстыра берсе керек. «Ал Алматы қазақ үшiн пайда көзiнен бұрын, бiлiм алу ошақтары болып отырғандықтан, халық амалсыз осында орналасуға мәжбүр», – дедi халықаралық құқық қорғау орталығының президентi Ж.Жақыпов.

Жиын соңында бiрлестiк өкiлдерi нақты шешiм шығарды. Алайда, оның орындалуы тағы да үкiметке қатысты.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары