«САЛЫҚ ТӨЛЕУШIНIҢ КАБИНЕТI» ЕНГIЗIЛДI

«САЛЫҚ ТӨЛЕУШIНIҢ КАБИНЕТI» ЕНГIЗIЛДI

«САЛЫҚ ТӨЛЕУШIНIҢ КАБИНЕТI» ЕНГIЗIЛДI
ашық дереккөзі
317

ҚР Қаржы министрлiгi жаңа «Салық кодексi» қолданысқа енгелi берi шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдауға барынша күш салып келедi. Жақында Салық комитетi мемлекеттiк қызметкерлер үшiн жеке табыс салығы және меншiк бойынша декларациясын тапсыру бойынша оқу семинарын өткiздi.

«Электронды үкiметтi» дамыту шеңберiнде былтырғы жылдың осы уақытында «Салық төлеушi кабинетi» web-қосымшасы тәжiрибелiк қолданысқа енгiзiлген едi. Бұл кабинеттiң бiр қызмет Салық есептiлiгiн өңдеу жүйесiнiң қосымшасын қолданбай салық есептiлiгiн электронды түрде құрастыруды автоматтандыру болып табылады. Салық төлеушi өзiнiң виртуалды кабинетiне енiп, жылдам түрде өзi туралы ақпаратты және салық мекемелерiмен қарым-қатынасы жайында сақталған деректер қорына рұқсат алады. Сондай-ақ, салық есептiлiгiн Салық комитетiне одан әрi өңделу үшiн электронды түрде толтыру және тапсыру мүмкiншiлiгi бар. Демек, «Салық төлеушi кабинетi» web-қосымшасы Салық комитетiмен берiлетiн электронды қызметтердi кеңейту мақсатында жасалынып отыр. Салық төлеушi интернеттi пайдалана отырып, өңделу статустарын қарайды, меншiк және жер салығы салықтары сомасы туралы хабарлама, жеке бет шотын қарап, салыстыру актiсiн алады.

Мемлекеттiк қызметкерлерден салық есептiлiгiн электронды түрде қабылдау мақсатында «Салық төлеушi кабинетiнде» жеке табыс салығы және меншiк бойынша декларация iске асырылған.

Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары