Наурыз келдi, құт-береке әкелсiн, ағайын!

Наурыз келдi, құт-береке әкелсiн, ағайын!

Наурыз келдi, құт-береке әкелсiн, ағайын!
ашық дереккөзі
365

Наурыз келдi, құт-береке әкелсiн, ағайын!

Биылғы Наурыздың "сүйiншiсi" де бар — ендi Ұлыстың ұлы мейрамын бүкiл әлем тойлайтын болды. БҰҰ Бас ассамблеясы Наурызды халықаралық мереке ретiнде қабылдап, оны 21-наурызға бекiттi. "Наурыз – халықаралық мерекесi" атты қарарды ақпан айында Ауғанстан, Әзiрбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Түркия, Түркiменстан, Албания, Македония және Үндiстан елдерiнiң өкiлдерi ұсынған болатын. Күн мен түн теңелетiн күннiң айшықтығын барлық халықтар тойлап, Наурыз көжеге қоса қазақтың қымызы мен шұбатын, бауырсағын қоса насихаттайтын күн туды!

Наурыз — қазаққа ұлттық салт-дәстүрдi қайта жаңғыртуымен қымбат. Сондықтан да Наурыздың насихаты сонау көне замандардан жеткен ата-баба мұрасын қастерлеуден кем түспеуi керек. Ұлттық мұраны жаңғыртуда, ұлттық мүдденi қозғауда, ұлттық мәселелердi айтуда "Түркiстан" газетiнiң өз оқырмандарына Наурыздағы "сүйiншiсi" бар, ол — "Тайқазан" арнаулы қосымшасы.

Қазақстан — баршамыздың мұң-тiлегiмiз, ниет-арманымыз, ой-жоспарымыз бiте қайнасқан Тайқазанымыз емес пе?!

Ендеше, "Тайқазанмен" 5-8 беттерде көзайым болыңыз!

Серіктес жаңалықтары