ЖӘКIШЕВ 14 ЖЫЛҒА ҚАТАҢ

ЖӘКIШЕВ 14 ЖЫЛҒА ҚАТАҢ

ЖӘКIШЕВ 14 ЖЫЛҒА ҚАТАҢ
ашық дереккөзі
217

Естерiңiзде болса, былтырғы жылдың мамыр айының соңында мемлекетке аса iрi көлемде шығын келтiрдi деген айыппен “Қазатомөнеркәсiбi” ұлттық компаниясының басшысы Мұхтар Жәкiшев қамауға алынған болатын. Жәкiшевке қатысты қылмыстық iс қозғаған Ұлттық қауiпсiздiк комитетi сол кезде сот ашық түрде Астана қаласында өтедi деп жариялаған едi. Ал бұл iс соттың қарауына осы жылы қаңтар айының бесi күнi берiлдi. Бiрақ сол уақыттан берi бiрде-бiр сот отырысы ашық түрде өтпедi.

Екi айға созылған «Қазатомөнеркәсiп» ҰАК-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкiшевке қатысты сот процесiне нүкте қойылған сияқты. Астана қаласы, Сарыарқа аудандық соты Нұржан Жолдасбеков жабық есiк жағдайында Мұхтар Жәкiшевтi 14 жылға, оның күзетшiсi Талғат Қыстаубаевты 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкiм шығарды. Және бiр айта кетерлiгi, жазасын қатаң режимдегi мекемеде өтейтiн Жәкiшев жетi жыл мемлекеттiк қызметке алынбайды.

14 жылға сотталған Жәкiшевтiң зайыбы мен оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев бұл шешiммен келiспейтiндiктерiн бiлдiрдi. Олар ендi жоғары сот органдарына шағымданамыз деп отыр.

Д.Мыңжасарқызы

Серіктес жаңалықтары