Жүсiпбек АЙМАУЫТОВ: ҰЛТТЫ СҮЮ ӘРТҮРЛI

Жүсiпбек АЙМАУЫТОВ: ҰЛТТЫ СҮЮ ӘРТҮРЛI

Жүсiпбек АЙМАУЫТОВ: ҰЛТТЫ СҮЮ ӘРТҮРЛI
ашық дереккөзі
972

…Оқығандар өзiн өзi тәрбие қылу керек. Қара халықтан жиренбей, жақын жүрiп, сырласып, мұң-мұқтажымен таныс болып, өзi ұлтын сүюге, халыққа өзiн сүйгiзуге жиһат қылуы керек. Естерiңiзде болсын: қара халықтың мәдениеттi болуынан мәдениеттi кiсiнiң қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сiңiрiп, қазақ өмiрiне жақындатып тәрбиелеу керек.

Орыс тәрбиесiн алған бала ұлт қызметкерi бола алмайды. Қазаққа аюдай ақырған шенеунiк табылуы оңай; ерiнбей-жалықпай, бақырмай-шақырмай iс бiтiретiн, терiсi қалың, көнбiс, табанды қызметкер табылуы қиын. Қазаққа зор кеуде ақсүйектiң, ақша жегiш жалтырауық шенеунiктiң, сұлу сөздi, құрғақ бектiң керегi жоқ; адал күшiмен өгiздей өрге сүйрейтiн жұмысшы керек. Сол жұмысшы – оқығандар. Бекерге кеткен сағат, босқа өткiзген минут – ұлт iсiне зор шығын.

"Абай" журналы.

2-қазан, 1918 жыл

Серіктес жаңалықтары