10 ЖЫЛ ОҚЫРМАНДАРМЕН БIРГЕ

10 ЖЫЛ ОҚЫРМАНДАРМЕН БIРГЕ

10 ЖЫЛ ОҚЫРМАНДАРМЕН БIРГЕ
ашық дереккөзі
273

"Қазақ газеттерi" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне – 10 жыл. Осыған орай "Қазақстан қоғамындағы ақпараттық процестер: PR, БАҚ менеджментi және маркетингi" атты ғылыми-тәжiрибелiк конференция болып өттi.

Бұл күнде "Ана тiлi", "Ақиқат", "Үркер", "Экономика", "Мысль", "Ұйғыр авази" сынды газет-журналдардың басын бiрiктiрген орталық қазақ басылымдарының ақпарат айдынында кеңiнен құлаш сермеуiне септiгiн тигiзiп келедi. Елiмiздегi мемлекеттiк ұстанымды насихаттауды басты мақсат еткен аталмыш басылымдар бүгiнде халықтың мұн-мұқтажын ашық көрсетуге бар күш-жiгерiн салып келедi. "Қазақ газеттерi" ЖШС-нiң кейiнгi кезде қол жеткiзген жетiстiгiнiң бiрi – биыл жарық көргенiне 20 жыл толатын апталық "Ана тiлi" газетi бұдан былай Ақтөбе қаласынан басылып шығады.

"Қазақ газеттерi" ЖШС президентi Жұмабек Кенжалиннiң айтуынша, бұл игi дәстүрдi әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi журналистика факультетiнiң студенттерi аудиториясында өткiзген әлдеқайда тиiмдi. Өйткенi, болашақ жас мамандармен пiкiр алмасу, олардың ойын бiлу және журналистикаға деген қызығушылығын арттыру да қажет.

Конференцияда "Қазақ газеттерi" ЖШС-не қарасты басылым редакторлары және "Алаш айнасы" газетiнiң редакторы Серiк Жанболат, "Қаламгер-медиа" орталығының атқарушы директоры Жанарбек Әшiмжан қазiргi БАҚ-тағы менеджмент, маркетинг мәселесi төңiрегiнде сөз алып, ойларын ортаға салды.

БАҚ басшыларына көкейде жүрген сауалдарын қойған студенттер көп мағлұмат алуға тырысты. "Қазақ газеттерi" ЖШС президентi Жұмабек Кенжалин бастаған топ тәжiрибе алмасу кешiн Ахметше "Газет – халықтың көзi, құлағы һәм тiлi" деп бастап, "Сөзi жоғалған ұлттың өзi де жоғалады" деп аяқтады.

Д.МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары