ҚАЛТАФОНДАР ТЕК ҚАНА БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛЫ ЕМЕС

ҚАЛТАФОНДАР ТЕК ҚАНА БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛЫ ЕМЕС

ҚАЛТАФОНДАР ТЕК ҚАНА БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛЫ ЕМЕС
ашық дереккөзі
451

Ақпараттық технологияларды енгiзудiң бастауы да болып отыр

Жаңа медиа технологияларын қазақтiлдi ақпарат құралдары тәжiрибесiне енгiзу мәселесi бүгiн аса өзектi проблемалардың бiрiне айналды. Өйткенi IР технологиялардың қарыштап дамуы, ақпарат майданында жаңа бiр мүмкiндiктердiң қырын ашып отыр. Бiрақ, өкiнiшке қарай, қазақ медиа бизнесi ақпараттық технологиялардың мүмкiндiктерiн пайдалану жағынан кенже қалып келедi. Осы кемшiлiктiң орнын толтыру мақсатында "Мiнбер" журналистердi қолдау орталығы Алматыдағы Nokia компаниясының өкiлдiгiмен бiрлесiп журналистика факультенiнiң қазақ бөлiмi студенттерiне арнап, арнайы тренинг өткiздi.

Елiмiздегi қалтафон тұтынушылар саны 100 пайызға жеттi. Ендiгi кезекте мобильдi операторлар қызмет көрсету саласын жақсартып, бәсекелестерiнен озуға тырысуда. Қалтафон өндiрушi компаниялар телефонды тек қана байланыс құралы ретiнде ғана өндiрiп қоймай, әлеуметтiң белсендi азаматы болуға үндейтiн үстеме бағдарламаларды да дайындап шығаруда.

Әлеуметтiк сауалнамаға сүйенетiн болсақ, Қазақстандағы телефондардың 60 %-дан астамы Nokia компаниясының телефондары. Фин компаниясының өнiмiн қазiргi кезде күллi әлем қолдануда.

Nokia-ның ТМД Оңтүстiгi елдерiндегi Nokia басқарушысы Карел Голуб Nokia телефондарының қазақ тiлiн қолдайтын үлгiлерi шыққандықтан, ендi қазақ тiлдi қолданушыларға телефонның мүмкiндiгiн кеңiнен түсiндiретiн сәт туғанын жеткiздi.

"Студенттiк жастар – әлеуметтiк желiлердегi ең белсеңдi аудитория. Бiздiң мақсатымыз – студенттерге ұтқыр құрылғылардың өсiп келе жатқан мүмкiндiктерi туралы айтып, Nokia шешiмдерi қолданушыларға күнделiктi мәселелердi шешуге көмектесетiнiн көрсету керек" дейдi ол.

Nokia телефондарына арналған Ovi store тегiн онлайн желiсiнде хат алмасып, ортақ суреттердi сақтауға әрi мәлiметтермен бөлiсу мүмкiндiгi бар. Қазiргi кезде әлемдiк телефон компаниясы қалтафонды тек қана сөйлесу құралы ғана емес, әлеуметтiк дамуы үшiн пайдасы бар құрылғыға айналдыруға баса мән бермек.

"Түркiстан-ақпарат".

Серіктес жаңалықтары