АПОРТ ТУРАЛЫ АЙШЫҚТЫ ФИЛЬМ

АПОРТ ТУРАЛЫ АЙШЫҚТЫ ФИЛЬМ

АПОРТ ТУРАЛЫ АЙШЫҚТЫ ФИЛЬМ
ашық дереккөзі
314

Таяуда Астана қаласындағы "Сарыарқа" ойын-сауық орталығында француз режиссерi Катрин Пештiң Тянь-Шань бөктерiнiң алмасына арналған деректi фильмi тұңғыш рет қойылды.

Бұған дейiн де әлем ғалымдары Хауа-Ана алмасының Алатау баурайында болғандығын жорамалдап айтып келген. Тау етегiндегi жабайы алмамыздың тұқымы "Сиеверси алмасы" деп аталады. Себебi, алманың бұл түрiн әлемге алғаш танытқан Сиеверси есiмдi ғалым болатын. Қазiр әлемдегi 6 мыңдай алма сорты осы алма түрiнен таралған. Жалпы, "Сиеверси алмасының" бәленбай миллион жыл тарихы бар", – дейдi К.Пеш.

Бертiн келе алманың бұл түрiн Аймақ Жанғалиев зерттегенi туралы деректi фильм барысында тәптiштеп айтылады. Тiптi Сталин үкiметi тұсында бұл алмаларды жаппай құрту кезiнде де А.Жанғалиев ағамыз сақтап қалған көрiнедi. Сонымен қатар, бiрнеше мыңжылдық тарихы бар алма түрлерiне өзiмiз балта шауып отырғанымызды баяндайды. Тау етектерiнде саңырауқұлақша тiзiлген құрылыс нысандарының осы жабайы алма бақтарының орнына салынып жатқаны ащы айқаймен айтылады.

Әлем тамсанған, хош иiсi мен тiл үйiрген дәмi аңызға айналған алтын алмамызды бағалай алмай жүрген өзiмiзге сын.

Жанна ҚҰТТЫҒАЛИЕВА

Серіктес жаңалықтары