БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАРДЫҢ АЛМАТЫДА БАСҚОСУЫ ӨТТI

БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАРДЫҢ АЛМАТЫДА БАСҚОСУЫ ӨТТI

БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАРДЫҢ АЛМАТЫДА БАСҚОСУЫ ӨТТI
ашық дереккөзі
330

Кеше оңтүстiк астанадағы "Нұр Отан" ХДП Алматы қалалық филиалының бастауыш партия ұйымдарының форумы өттi. Форумға "Нұр Отан" Халықтық демократиялық партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Нұрлан Нығматулин арнайы келiп қатысты.

Жиынға партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкiмi Ахметжан Есiмов, сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық партия филиалының Саяси Кеңес мүшелерi, атқарушы және құқық қорғау органдарының жетекшiлерi, зиялы қауымның өкiлдерi мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.

Бүгiнгi күнi елiмiзде "Нұр Отан" партиясының 243 филиалында 780 000-нан астам мүшелердi қамтыған 6594 бастауыш партия ұйымдары бар екен. Ал, партияның Алматы қалалық филиалында 612 бастауыш партия ұйымдары жұмыс iстеп келедi. Партия мен халықтың арасындағы тiкелей дәнекерлiктi атқаратын да нақ осы бастауыш партия ұйымдары екендiгi анық. Форум барысында сөз алған бастауыш партия ұйымдарының төрағалары алдыңғы кезекте қоғамда болып жатқан сан алуан мәселелердi де әңгiмеден тыс қалдырмады.

Қызылағаштағы апат салдарынан зардап шеккен аймаққа бастауыш партия ұйымдарының қандай көмек көрсетiп жатқандығы да сөз болды. Сонымен бiрге, үлескерлер мен ипотека алған ағайындардың мұң-зары да әңгiме ауанына айналды.

"Алдағы уақытта да Президентiмiз, партиямыздың төрағасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың биылғы тарихи Жолдауын басшылыққа ала отырып, жаңа қадамдар жасауымыз керек. Бұл жұмыстарды атқаруда бастауыш партия ұйымдарының рөлi ерекше екенi өздерiңiзге белгiлi. Бүгiнгi күнi елiмiз бойынша партиямыздың 6 мыңнан астам бастауыш ұйымдары бар екен. Оның 612-сi осы Алматы қаласында. Олардың барлығы тiкелей халықпен бiрге жүретiн, елге көмек көрсететiн, қатарымызды жаңартып отыратын "Нұр Отанның" негiзгi күшi деуге болады", — дедi форумда сөз алған Нұрлан Нығматулин мырза.

"Жұмыла көтерген жүк жеңiл" демекшi, бастауыш партия ұйымдары алдағы уақытта өз жұмыстарын одан әрi жандандыра түспекшi.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары