ТӨМЕНГI МЕЖЕ 50 БАЛЛҒА ӨСТI

ТӨМЕНГI МЕЖЕ 50 БАЛЛҒА ӨСТI

ТӨМЕНГI МЕЖЕ 50 БАЛЛҒА ӨСТI
ашық дереккөзі
459

Сынақ тапсырудың – ұлттық бiрыңғай тест жүйесi енгелi берi түрлi өзгертулерге ұшырап келедi. Былтыр мектеп бiтiрушi түлектер жоғары оқу орнына түсу үшiн кемiнде 45 балл жинау қажет болса, биыл бұл көрсеткiш 50 баллға көтерiлдi.

Ал медицина саласында бiлiм алғысы келетiндерге меже бұрынғысынша 60 балл болып, өзгерiссiз қалды. Сынақ науқаны республика бойынша маусымның 3-11 аралығында өтпек. Мектеп түлектерi әдеттегiдей 5 пән бойынша бiлiмiн сынайды. Сынақтың әдiл өтуiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қадағаламақшы. Талапкерлер ҰБТ-не қатысатындығы туралы арызды сәуiрдiң 1-25 аралығында бере алады.

Алматы қалалық Бiлiм басқармасына қарасты жаңа технологиялар орталығының директоры Темiрхан Тасболатов: «Тест қорытындысының қасына дұрыс жауаптардың кодын iлiп қоямыз. Талапкер сол бойынша салыстырып, келiспесе, келесi тәулiкке дейiн апелляцияға беруiне болады. Егер шағым техникалық жағдайларға байланысты болса, онда оны жергiлiктi жердегi комиссия қарайды. Ал сұрақтардың мазмұнына қатысты болса, бұл мәселенi Астанадағы арнайы комиссия мүшелерi саралайды», – деп отыр.

Д.Дүрмән

Серіктес жаңалықтары