ҚАЗКОМ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТТЕГI "ЖАҢА ЕСIМДЕРДI" АТАДЫ

ҚАЗКОМ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТТЕГI "ЖАҢА ЕСIМДЕРДI" АТАДЫ

ҚАЗКОМ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТТЕГI  "ЖАҢА ЕСIМДЕРДI" АТАДЫ
ашық дереккөзі
279

Жуырда Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында "Жаңа есiмдер" атты концерт өттi. Концертте жас опера әншiлерi мен балет әртiстерi, сондай-ақ халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары өнер көрсеттi. Концерттiң өтуiне Қазкоммерцбанк демеушiлiк көрсеттi.

"Жаңа есiмдер" атты концерт бiрiншi рет өткен жылы Астанада өткен болатын. Алайда жас әртiстердiң Алматыда қойған концертi көрермендердi ерекше қуанышқа кенелттi. Сондықтан театр басшылығы концерттi жыл сайын өткiземiз деп шештi. Ендiгi опера және балет әртiстерi, сондай-ақ жас дирижерлар елiмiздiң бас сахнасында дербес өнер көрсететiн болады.

"Алматыда өткен концерт жас әртiстердiң, шынымен де, бiздiң опера және балет өнерiнiң "жаңа есiмдерi" екенiн дәлелдедi. Олар, көмейiнен бал тамған Бибiгүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, сондай-ақ балет жұлдыздары — Сара Көшербаева, Рамазан Бапов сынды өнер майталмандарының талантты iзбасарлары", — дедi Қазкоммерцбанктiң басқарушы директоры Мағжан Әуезов, — "Жас опера әншiлерi мен балет әртiстерiнiң шығармашылығына өз үлесiмiздi қосқанымызға мақтанамыз".

Театр мен банктiң ендiгi жоспары — үстiмiздегi жылы Абай атындағы опера және балет театрының жас әншiлерiн Ресейге гастрольдық сапарға алып шығу. Естерiңiзге сала кетейiк, 2008 жылы ҚАЗКОМның қолдауымен театрдың 75 жылдығына орай Г. Доницеттидiң "Лючия ди Ламмермур" атты операсының премьерасы болды. Ал 2009 жылы Банктiң қолдауымен Абай атындағы опера және балет театры өз көрермендерiн тағы бiр жаңа туындымен қуантты, Г. Доницеттидiң "Махаббат шырыны" атты операсын сахналады.

Серіктес жаңалықтары