КҮНДЕРДI КЕРI САНАЙТЫН КЕЗ КЕЛДI

КҮНДЕРДI КЕРI САНАЙТЫН КЕЗ КЕЛДI

КҮНДЕРДI КЕРI САНАЙТЫН КЕЗ КЕЛДI
ашық дереккөзі
420

Әлемдегi ең маңызды түрлi спорт жарыстары Олимпиадалық ойындарының басталар қарсаңында байрақты бәсекенi ұйымдастырушы елдерде сағат пен тәулiктердi керi санау дәстүрi ежелден қалыптасқан. Жайшылықта алға қарай жылжитын тоқтаусыз уақытты керi есептеудiң өзiндiк салт-дәстүрi, қалыптасқан ережелерi бар және бұған ерекше мән берiлiп, айрықша сән-салтанатпен аталып өтiледi. Ендi уақытты керi санау кезегi Қазақстанға да келiп жеткен. Елiмiз 7-шi Қысқы Азиадаға қалған күндердi керi санауға көштi.

Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Crefs de Missinoh Seminar ауқымында «Керi санау таблосының» ашылуы салтанатты түрде аталып өттi. Астана және Алматы қалаларында алғаш рет өткiзiлетiн Қысқы Азиадаға әлем жанкүйерлерiнiң ықыласы ерекше. Өйткенi, мұндай айтулы бәсеке, үлкен спорттық мереке посткеңестiк елдер iшiнен бiрiншi рет ұйымдастырылып отыр. Әсiресе, соңғы жылдары Орталық Азия, оның iшiнде тәуелсiз Қазақстандағы спорт саласы, мәдени өмiрi, өнерi баршаның назарына iлiгуде. Уақытты керi санау стелласы өзiнiң ерекше түрiмен назар аударады әрi табиғи кристалл кейпiнде орындалған. Табиғи кристалл – өмiрдiң, кiршiксiздiк және айқындықтың нышаны. Жаңару мен қайта құлпырудың бейнесi.

Қысқы Азиада ойныдарына арналған нысанның басты ерекшелiгi – кристалл тау гүлi сияқты тасты жарып шыққан. Осы нысанды жобалаушылардың айтуынша, бұл жоба өсу мен мәңгi жарыққа ұмтылуды бейнелейдi.

«Ерекше мәнердегi осынау стелла тек қана Азиада ойындарының нышаны ғана болып қалмайды, ол Аломаты қаласының тұрғындары мен қонақтарының да көзайымына айналады», – дейдi 2011 жылғы қысқы Азиада ойындары Дирекциясының басшысы Сұлтан Шоқбытов.

Спорт сарайына жиналған жанкүйер қауым, спорт мамандары мен осы спорт мерекесiн ұйымдастырушы белсендi азаматтар керi айналған уақыттың куәсi болып, қысқы ойындарға қалған күндердi жаппай санауға кiрiстi.

Ж.БАҚҚОНДЫҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары