381
БЕЛОРУССИЯМЕН БIРЛЕСКЕН 30 ЖОБА
БЕЛОРУССИЯМЕН БIРЛЕСКЕН 30 ЖОБА
Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы негiзiнде жүзеге асырылатын 30 жобаға Белоруссия тарапы атсалысып, қаржылай көмек көрсетедi.
Минскiде ТМД Атқарушы комитетiнде халықаралық конференцияда Қазақстанның Беларус елiндегi Елшiсi А.Смирнов Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясына тоқталып өттi. 2014 жылға дейiнгi бағдарлама 2020 жылғы экономикалық даму жоспарын қамтиды. Осы бағдарлама төңiрегiнде 162 ауқымды өнеркәсiптiк нысандар құрылыс жоспарланып отыр. Атап айтар болсақ, кен-өндiру өнеркәсiбi, химия саласы, агроөнеркәсiптiк кешен, ГЭС, ГРЭС, ЖЭС жобалары бiрлесе жүзеге асырылады. Сондай-ақ ет, сүт және жемiс-көкөнiс өңдеу салаларындағы кәсiпорындары бойынша да келiсiмдерге қол қойылды.